О внесении изменений в постановление акимата города от 28 мая 2007 года № 656 "Об утверждении нормы потребления тепловой энергии и подогрев водопроводной воды по г. Петропавловску"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города от 28 мая 2007 года № 656 "Об утверждении нормы потребления тепловой энергии и подогрев водопроводной воды по г. Петропавловску"
- Атауы (қаз.)
- "Петропавл қаласы бойынша құбыр суын жылыту және жылу қуатын тұтыну нормаларын бекіту туралы" қала әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 656 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1522
- Қабылданған күні
- 11.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 06.11.2013 49637_190668.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SA000166
- ЭКБ идентификаторы
- 49637
- Редакция идентификаторы
- 49637_190668
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:47
0 "Петропавл қаласы бойынша құбыр суын жылыту және жылу қуатын тұтыну нормаларын бекіту туралы" қала әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 656 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы 31-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына, «Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 қаулысы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы» 67-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қала әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 656 «Петропавл қаласы бойынша құбыр суын жылыту және жылу қуатын тұтыну нормаларын бекіту туралы» (2007 жылғы 10 шілдедегі № 13-1-72 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Проспект СК» газетінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 30 және «Қызылжар нұры» газетінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 31 жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағындағы «қабаттық» сөзінен кейінгі «3» саны «1» санына өзгертілсін.