О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 28 марта 2007 года № 93 "Об утверждении Правил присвоения звания "Народный" (образцовый) коллективам, художественной самодеятельности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 28 марта 2007 года № 93 "Об утверждении Правил присвоения звания "Народный" (образцовый) коллективам, художественной самодеятельности"
- Атауы (қаз.)
- "Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 77
- Қабылданған күні
- 18.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2014 AI81557_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009597
- ЭКБ идентификаторы
- 81557
- Редакция идентификаторы
- AI81557_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:23
0 "Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру Ережесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4632 болып тіркелген 2007 жылғы наурызда-сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы»
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидалары бекітілсін.»
көрсетілген бұйрықпен бекітілген көркемөнерпаздар ұжымдарына, «Халықтық» (үлгілі) атағын беру Ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде бекітілген заңнамаға сәйкес мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру туралы қағидалары
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің
2014 жылғы 18 маусымдағы
№ 77 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2007 жылғы 28 наурыздағы
№ 93 бұйрығымен
бекітілген
Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру туралы қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру тәртібін айқындайды.
2 2. Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру шығармашылық ұжымдардың жұмысын қосымша ынталандыру, шығармашылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, эр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалыптасуы үшін талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау мақсатында жүзеге асырылады.
2 Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын берудің тәртіптері
3
3. «Халықтық» атағы мәдени-демалыс ұйымдары және өзге де мәдениет ұйымдарында құрылған көркемөнерпаздар ұжымдарына беріледі, «Үлгілі» атағы мәдени-демалыс ұйымдары, оқу орындарында және өзге де мәдениет ұйымдарында құрылған (бұдан әрі - көркемөнерпаздар ұжымдары) мынадай талаптарға сай келетін көркемөнерпаздар ұжымдарына беріледі:
1 1)5 жылдан кем емес үздіксіз қызмет атқаратын;
2 2) жоғарғы орындаушылық шеберлікке ие;
3
3) шығармашылық және оқу-тәрбиелік жұмыстарымен мына жанрлар бойынша белсенді айналысатын: халық аспаптары, үрмелі және эстрадалық оркестрлеріне, вокалды-аспаптар ансамбліне және басқа да топтарға, фольклорлық және отбасылық ансамбльдеріне, ән би ансамбліне, театрлар, хореография, хорлар, вокалды, цирк, бейнелеу және қолданбалы-безендіру өнері мен фото өнеріне;
4 4) халықты рухани-эстетикалық тәрбиелеуді қалыптастыратын халықтық-дәстүрлі фольклорлық шығармашылық туындыларымен, отандық және шетел өнерінің үздік үлгілерімен байытылған, ұжымдардың репертуарлық, көркемдік-маңыздық деңгейін көтеретін;
5 5) мәдениет саласындағы іс-шараларға (облыстық, республикалық және халықаралық маңыздағы конкурстар, фестивальдерге) қатысуы және жүлделі орындарының болуы;
6 6) көркемөнерпаздар ұжымның қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы (3 мақаладан кем емес);
4 4. «Халықтық» (үлгілі) атағын алу үшін көркемөнерпаздар ұжымдарының басшылары облыстық, Астана, Алматы қалаларының мәдениет басқармаларына мына құжаттарды жібереді:
1 1) көркемөнерпаз ұжымы басшысының «Халықтық» (үлгілі) атағын беру туралы жазбаша қолдау хаты;
2 2) көркемөнерпаз үжымының шешімі;
3 3) «Халықтық» (үлгілі) атаққа үміткерлер ұжымына шығармашылық мінездеме, онда мына ақпараттар көрсетілуі тиіс:
жетекшісі туралы мәлімет;
репертуары және ағымдағы жылға оку-тәрбиелік жұмыс жоспары;
ұжымның концерттік бағдарламасы;
қатысушылар құрамының тізімі.
марапаттарын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
көркемөнерпаздар ұжымның қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар болуы (3 мақаладан кем емес).
5
5. «Халықтық» (үлгілі) атағына үміткер көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылық деңгейін анықтау үшін, облыстық, Астана, Алматы қалаларының мәдениет басқармалары құрамына Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) өкілі және жанр бойынша мамандар кіретін көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
6
6. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының мәдениет басқармалары құжаттарды түскен күнінен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарауға тиіс. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының мәдениет басқармалары өтініштерді қарау нәтижесі бойынша уәкілетті органды Комиссия мәжілісінің өткізілетіні туралы хабардар етеді.