О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Актобе от 28 ноября 2008 года N 3185
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Актобе от 28 ноября 2008 года N 3185
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 3185 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1095
- Қабылданған күні
- 12.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2012 46178_207076.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CA000110
- ЭКБ идентификаторы
- 46178
- Редакция идентификаторы
- 46178_207076
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:06
0 Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 3185 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 «Елбасының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 3185 «Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2008 жылдың 12 желтоқсанында № 3-1-99 болып тіркелген, 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 157 «Ақтөбе» және 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 157 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ алынып тасталсын;
2-тармақ «меншік түрлеріне» сөзінен кейін «бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерден басқа» сөзімен толықтырылсын;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Н. Х. Бөртебаева) белгіленген тапсырма және осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде мекемелер берген қажеттілікке сәйкес, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша орналастыру үшін жолдасын. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың 50 % еңбекақысын ұйымдарға 15000 теңгеден аспайтын көлемде өтесін. Қаражат ұйымның есеп-шотына бағытталады».
4 тармақ «бюджеттік бағдарламасы бойынша» сөзінен кейін «және «Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы бағдарламасын кеңейту» 451-002-103 қосымша бағдарламасы» сөзімен толықтырылсын;