О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года № 195 "О требованиях к организационной структуре организатора торгов и к составу листинговой комиссии фондовой биржи, и об утверждении Правил осуществления деятельности структурного подразделения организатора торгов, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе организатора то
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года № 195 "О требованиях к организационной структуре организатора торгов и к составу листинговой комиссии фондовой биржи, и об утверждении Правил осуществления деятельности структурного подразделения организатора торгов, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе организатора то
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 195 қаулысына өзгер
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 61
- Қабылданған күні
- 27.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2015 AI45587_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005661_
- ЭКБ идентификаторы
- 45587
- Редакция идентификаторы
- AI45587_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:31
0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 195 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5495 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
6-тармақта "басшы қызметкерлері" деген сөздер "атқарушы органның басшылары және мүшелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қор биржасы эмитенттер аудитінің мәселелері бойынша қор биржасы директорлар кеңесінің комитетін (бұдан әрі - эмитенттер аудиті жөніндегі комитет) құрады, олардың функциялары мыналар болып табылады:
1) эмитенттердің қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептерді (эмитенттердің қаржылық есептілігін аралық шолу бойынша аудиторлық ұйымдардың есептерін) қарау, олардың бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі болжануда немесе енгізілген, осы қаулының 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қор биржасы бөлімшесінің сұрауы бойынша көрсетілген есептерді қарау нәтижелері туралы тиісінше ақпаратты дайындау;
2) қор биржасының ресми тізіміне эмитенттердің болуы және олардың бағалы қағаздарын енгізу үшін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесін қалыптастыру;
3) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген өзге функциялар.";
11-тармақта:
5) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің шешімі бойынша оның мәжілістеріне қатысу үшін аудит және қаржылық есептілік саласында кәсіптік білімі бар сарапшылар шақырылады . ".