Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года № 195 "О требованиях к организационной структуре организатора торгов и к составу листинговой комиссии фондовой биржи, и об утверждении Правил осуществления деятельности структурного подразделения организатора торгов, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе организатора то

Қаулы · № 61 · қабылданған 27.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2008-no-195-ekb-45587/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года № 195 "О требованиях к организационной структуре организатора торгов и к составу листинговой комиссии фондовой биржи, и об утверждении Правил осуществления деятельности структурного подразделения организатора торгов, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе организатора то Күшін жойған Қаулы ·№ 61 ·27.03.2009
19.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года № 195 "О требованиях к организационной структуре организатора торгов и к составу листинговой комиссии фондовой биржи, и об утверждении Правил осуществления деятельности структурного подразделения организатора торгов, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе организатора то

Күшін жойған Қаулы ·№ 61 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года № 195 "О требованиях к организационной структуре организатора торгов и к составу листинговой комиссии фондовой биржи, и об утверждении Правил осуществления деятельности структурного подразделения организатора торгов, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе организатора то
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 195 қаулысына өзгер
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
61
Қабылданған күні
27.03.2009
Көрсетілген редакция
19.12.2015 AI45587_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005661_
ЭКБ идентификаторы
45587
Редакция идентификаторы
AI45587_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:31

0

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 195 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Агенттік Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5495 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
6-тармақта "басшы қызметкерлері" деген сөздер "атқарушы органның басшылары және мүшелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қор биржасы эмитенттер аудитінің мәселелері бойынша қор биржасы директорлар кеңесінің комитетін (бұдан әрі - эмитенттер аудиті жөніндегі комитет) құрады, олардың функциялары мыналар болып табылады:
1) эмитенттердің қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептерді (эмитенттердің қаржылық есептілігін аралық шолу бойынша аудиторлық ұйымдардың есептерін) қарау, олардың бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі болжануда немесе енгізілген, осы қаулының 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қор биржасы бөлімшесінің сұрауы бойынша көрсетілген есептерді қарау нәтижелері туралы тиісінше ақпаратты дайындау;
2) қор биржасының ресми тізіміне эмитенттердің болуы және олардың бағалы қағаздарын енгізу үшін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесін қалыптастыру;
3) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген өзге функциялар.";
11-тармақта:
5) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің шешімі бойынша оның мәжілістеріне қатысу үшін аудит және қаржылық есептілік саласында кәсіптік білімі бар сарапшылар шақырылады . ".

2. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін, он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы қаулы қолданысқа енгізілгеннен кейін отыз күнтізбелік күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.

4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін.

5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

Қолданыстағы