О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года № 195 «О требованиях к организационной структуре организатора торгов и к составу листинговой комиссии фондовой биржи, и об утверждении Правил осуществления деятельности структурного подразделения организатора торгов, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе организатора торгов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года № 195 «О требованиях к организационной структуре организатора торгов и к составу листинговой комиссии фондовой биржи, и об утверждении Правил осуществления деятельности структурного подразделения организатора торгов, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе организатора торгов»
- Атауы (қаз.)
- «Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына өз
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 56
- Қабылданған күні
- 24.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2015 90695_298132.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011291
- ЭКБ идентификаторы
- 90695
- Редакция идентификаторы
- 90695_298132
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:21
0
«Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008
жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5495 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны жеті адамнан кем болмайды.
4. Листингтік комиссияның құрамына:
1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) өкілі;
2) қор биржасы атқарушы органының қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберілген бағалы қағаздар тізімінің листингі, делистингі немесе санатын ауыстыру мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі;
3) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері кіреді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің құрамына:
1) уәкілетті органның өкілі;
2) қор биржасының атқарушы органының мүшесі;
3) негізгі функциясы бағалы қағаздар листингі болып табылатын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
4) негізгі функциясы бағалы қағаздардың листингтік талаптарға болашақта сәйкес келуіне мониторинг жүргізу болып табылатын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
5) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері кіреді.
Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің шешімі бойынша оның отырыстарына қатысу үшін аудит және қаржылық есептілік саласында кәсіби білімі бар сарапшылар шақырылады.».
2 2. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өздерінің ұйымдық құрылымын және ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
3 3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;