Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление акимата Мангистауской области от 28 марта 2008 года № 231 "Об утверждении Инструкции по предоставлению в имущественный наем (аренду) объектов коммунальной собственности без права последующего выкупа"

Қаулы · № 339 · қабылданған 20.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2008-no-231/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление акимата Мангистауской области от 28 марта 2008 года № 231 "Об утверждении Инструкции по предоставлению в имущественный наем (аренду) объектов коммунальной собственности без права последующего выкупа" Күшін жойған Қаулы ·№ 339 ·20.09.2010
23.11.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление акимата Мангистауской области от 28 марта 2008 года № 231 "Об утверждении Инструкции по предоставлению в имущественный наем (аренду) объектов коммунальной собственности без права последующего выкупа"

Күшін жойған Қаулы ·№ 339 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление акимата Мангистауской области от 28 марта 2008 года № 231 "Об утверждении Инструкции по предоставлению в имущественный наем (аренду) объектов коммунальной собственности без права последующего выкупа"
Атауы (қаз.)
"Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру Нұсқаулығын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 231 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
339
Қабылданған күні
20.09.2010
Көрсетілген редакция
23.11.2011 54914_160246.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10M0002086
ЭКБ идентификаторы
54914
Редакция идентификаторы
54914_160246
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:19

0 "Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру Нұсқаулығын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 231 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, сондай - ақ жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру Нұсқаулығын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 231 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2011 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 13 мамырда жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
7 - тараудың 51 - тармағының екінші абзацындағы «Жалдау төлемін» деген сөздерден кейін «бір айда» деген сөздермен толықтырылсын;
7 - тараудың «Мемлекеттік тұрғын жай емес қорын жалдау төлемінің есептік мөлшерлемелері және қолданылатын коэффициенттерінің мөлшері» деген 1 - кестесінде:
реттік нөмірі 5.3. жолы алынып тасталсын;
7 - тараудың 52 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«52. 2 - Кестеге сәйкес, басқа да мүліктің (ғимарат, құралдар, автокөлік құралдары және басқа да мүлік) ай сайынғы мүліктік жалдау төлемақысы активтердің алғашқы баланстық құнының деректері және қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері негізінде анықталады.»;
7 - тараудың «Мүліктің жалдау төлемінің есептік мөлшерлемелері және қолданылатын коэффициенттер мөлшері» деген 2-кестесінде:
реттік нөмірі 1.2. жолдағы «28» деген сандар «20» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.5. жолдағы «22» деген сандар «13» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.6. жолдағы «25» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын;
7 - тарау мынадай мазмұндағы 53-1 тармақпен толықтырылсын:
«53 - 1. Мүліктік жалдауға (жалға) берудің (оқу аудиториялары, спорттық, концерттік, акт және көрме залдарының) біржолғы шара үшін төлем ставкасы өткізілетін шараның бір күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жыл сайын бекітіліп отыратын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде алынады. Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беруден түскен қаражат тиісті жергілікті бюджетке аударылады.
Біржолғы шараны өткізуге коммуналдық алаңды мүліктік жалдауға (жалға) берудің шарты Объектінің баланс ұстаушысымен жасасылады.
Баланс ұстаушы біржолғы шараларды өткізуге тапсырылатын алаңдардың саны туралы коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті мемлекеттік органға ай сайын ақпарат береді.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.С. Қыраубаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Маңғыстау облысы қаржы
басқармасының бастығы
М.Б. Әлібекова
20 қыркүйек 2010 ж.
КЕЛІСІЛДІ:
Ә.С. Қыраубаев
С.А. Бермұхамедов
Ж.А. Оспанова
А. Әбдешұлы
Маңғыстау облысы қаржы
басқармасының бастығы
М.Б. Әлібекова
20 қыркүйек 2010 ж.

Қолданыстағы