О внесении изменения в решение акима Карабулакского сельского округа от 28 ноября 2008 года № 4 «О присвоении наименований улицам сел Карабулак и Аманкелды»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Карабулакского сельского округа от 28 ноября 2008 года № 4 «О присвоении наименований улицам сел Карабулак и Аманкелды»
- Атауы (қаз.)
- Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 4 «Қарабұлақ және Аманкелді ауылдары көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 06.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2020 140251_448142.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CCG06860
- ЭКБ идентификаторы
- 140251
- Редакция идентификаторы
- 140251_448142
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:46
0 Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 4 «Қарабұлақ және Аманкелді ауылдары көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің қазақ тілдегі 2008 жылғы 28 қарашадағы № 4 «Қарабұлақ және Аманкелді ауылдары көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-3-65 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 желтоқсанда «Жұлдыз-Звезда газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».