О внесении дополнения в решение маслихата от 28 февраля 2008 года № 46 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение маслихата от 28 февраля 2008 года № 46 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2008 жылғы 18 ақпандағы № 46 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 09.10.2008
- Көрсетілген редакция
- 09.10.2008 42081_327563.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.10.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08NL000085
- ЭКБ идентификаторы
- 42081
- Редакция идентификаторы
- 42081_327563
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:47
0 Мәслихаттың 2008 жылғы 18 ақпандағы № 46 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2008 жылғы 28 ақпандағы № 46 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-70, «Айна» 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 15):
тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің 5) бөлімінің 12) тармақшасы «Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу кезінде есепке өткен тоқсанның табысы қабылданады» сөздерінен кейін «немесе толық көлемде қызмет көрсетілген соңғы тоқсанның табысы есепке алу құралдарының көрсеткіштері негізінде, бірақ коммуналдық қызметтерді тұтыну мөлшерінен артық емес» сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.