Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2008 года № 780

Қаулы · № 338 · қабылданған 22.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2008-no-780-ekb-51862/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2008 года № 780 Күшін жойған Қаулы ·№ 338 ·22.04.2010
31.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2008 года № 780

Күшін жойған Қаулы ·№ 338 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2008 года № 780
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
338
Қабылданған күні
22.04.2010
Көрсетілген редакция
31.10.2015 AI51862_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000338_
ЭКБ идентификаторы
51862
Редакция идентификаторы
AI51862_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:19

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 35, 382-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесінде:
2-тармақтың 5) тармақшасында «сараптама жасауды» деген сөздерден кейін «және сынауды» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «сонылығын, ерекшелігін, біртектілігін және тұрақтылығын» деген сөздер «патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Патент қабілеттілігі мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.»;
23-тармақта:
бірінші абзацтағы «және фитосанитариялық» деген сөздер «немесе фитосанитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «құжаттармен» деген сөзден кейін «, фитосанитариялық сертификатпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.»;
35-тармақтың 4) тармақшасындағы «деректер банкі түрінде» деген сөздер «деректер банкінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Өтінім берушінің деректері бойынша сортты шаруашылық пайдалылығына сынау кезінде белгілер кешені бойынша егістік сынаулар және сортты морфологиялық белгілері бойынша сәйкестендіру мынадай жағдайларда жүргізілмейді, егер:
1) өтінім беруші рұқсат беруге ұсынылатын топырақ-климаттық параметрлері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жағдайларына ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сортын сынаудың оң нәтижелерін растайтын құжаттаманы бергенде;
2) өтінім беруші берген ауыл шаруашылығы өсімдігінің сортын сынау нәтижелері түсімділігі бойынша стандарттан жоғарлылығы, негізгі ауруларға төзімділігі стандарт деңгейінде екендігін немесе сортты пайдалану мақсатын анықтайтын айрықша шаруашылық бағалы белгілері болғандығы туралы куәландырады.»;
46-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:
«Кез келген мүдделі тұлға өтінім туралы мәліметтер жарияланған күнінен бастап алты ай ішінде Мемлекеттік комиссияға мәлімделген селекциялық жетістікке қатысты талабын жібере алады.».

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы