О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2008 года № 780 "Об утверждении Правил проведения сортоиспытания сельскохозяйственных растений"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2008 года № 780 "Об утверждении Правил проведения сортоиспытания сельскохозяйственных растений"
- Атауы (қаз.)
- "Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1097
- Қабылданған күні
- 12.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2015 AI74778_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300001097
- ЭКБ идентификаторы
- 74778
- Редакция идентификаторы
- AI74778_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:06
0 "Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 35, 382-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесінде:
12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұсынылған селекциялық жетістік атауының дұрыстығын тексеруді мемлекеттік комиссиялар сараптамалық ұйымнан өтінім материалдары келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде жүзеге асырады.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер көрсетілген мерзім ішінде өтінім беруші көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жаңа атау ұсынбаса не апелляциялық кеңесте селекциялық жетістіктің атауын мақұлдаудан бас тартуды дауламаса, уәкілетті орган селекциялық жетістікті тіркеуден бас тартады.».