О внесении изменений в решение от 28 ноября 2008 года № 8 "Қызылсу селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение от 28 ноября 2008 года № 8 "Қызылсу селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы"
- Атауы (қаз.)
- "Қызылсу селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 04
- Қабылданған күні
- 30.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2015 93414_22150.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CLJ04500
- ЭКБ идентификаторы
- 93414
- Редакция идентификаторы
- 93414_22150
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:52
0 Қызылсу ауылдық округі әкімінің
2008 жылғы 28 қарашадағы
№ 8 «Қызылсу селолық округіне
қарасты елді мекендерге көше
атауын беру туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциалық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциалық Заңына сәйкес, Қызылсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қызылсу ауылдық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 28 қарашадағы № 8 «Қызылсу селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-70 тіркелген, 2008 жылғы 29 желтоқсанда аудандық «Хромтау» газетіне жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректкмелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөздері тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігіндегі, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс Тұжырымдамасының
3.2. тармағына және Ақтөбе облысы әкімінің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 255 «Мекенжай Тіркеліміне тіркеу туралы тәртібі және мекенжай құрылымы жөніндегі Ереже бекіту туралы» қаулысына сәйкес» сөздері алынып тасталсын.