О внесении изменений в решение акима села Шетпе от 28 апреля 2009 года № 277 «Орталық паркке Қ.Жүсіповтің атағын беру туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима села Шетпе от 28 апреля 2009 года № 277 «Орталық паркке Қ.Жүсіповтің атағын беру туралы»
- Атауы (қаз.)
- Шетпе ауылы әкімінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 277 «Орталық паркке Қ.Жүсіповтің атағын беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 487
- Қабылданған күні
- 06.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.11.2017 116043_254276.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ME003461
- ЭКБ идентификаторы
- 116043
- Редакция идентификаторы
- 116043_254276
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:22
0 Шетпе ауылы әкімінің
2009 жылғы 28 сәуірдегі № 277
«Орталық паркке Қ.Жүсіповтің
атағын беру туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес және Шетпе ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі №10-15-4396 ұсынысының негізенде, Шетпе ауылы әкімінің міндетін атқарушы
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шетпе ауылы әкімінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі №277 «Орталық паркке Қ.Жүсіповтің атағын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-5-76 болып тіркелген, 2009 жылғы 8 шілдеде «Жаңа өмір» газетінде №32-33 жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңына, Шетпе ауылындағы Орталық паркке Қ.Жүсіповтің атағын беру туралы ауыл тұрғындарының және аудандық ардагерлер кеңесінің ұсынысын қарап, Шетпе ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шетпе ауылындағы Орталық паркке Жүсіпов Қыдырбайдың атағы берілсін.».