Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787 «Об утверждении Типовых правил закупок товаров, работ и услуг, в том числе размещения гарантированного заказа, осуществляемых национальным управляющим холдингом, за исключением Фонда национального благосостояния, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых прямо или косвенно

Қаулы · № 280 · қабылданған 14.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2009-no-787-ekb-131442/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787 «Об утверждении Типовых правил закупок товаров, работ и услуг, в том числе размещения гарантированного заказа, осуществляемых национальным управляющим холдингом, за исключением Фонда национального благосостояния, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых прямо или косвенно Күшін жойған Қаулы ·№ 280 ·14.05.2019
01.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787 «Об утверждении Типовых правил закупок товаров, работ и услуг, в том числе размещения гарантированного заказа, осуществляемых национальным управляющим холдингом, за исключением Фонда национального благосостояния, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых прямо или косвенно

Күшін жойған Қаулы ·№ 280 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787 «Об утверждении Типовых правил закупок товаров, работ и услуг, в том числе размещения гарантированного заказа, осуществляемых национальным управляющим холдингом, за исключением Фонда национального благосостояния, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых прямо или косвенно
Атауы (қаз.)
«Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген т
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
280
Қабылданған күні
14.05.2019
Көрсетілген редакция
01.01.2020 131442_434480.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000280
ЭКБ идентификаторы
131442
Редакция идентификаторы
131442_434480
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:59

0

«Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидалары»;
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) сатып алу – тапсырыс берушілердің мыналарды:
еңбек шарттары бойынша жеке тұлғаларда не қызметтерді өтемді көрсету шарттары бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғаларда жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
жарналарды (салымдарды), оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесті сатып алуды;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде жүзеге асыратын банк операцияларын жүргізуге байланысты қаржы қызметтерін сатып алуды;
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, электр және (немесе) жылу энергиясы туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын білікті энергия өндіруші ұйымдардан теңгерімделген электр энергиясын, электр энергиясын сатып алуды;
теңіз портында алынатын алымдар мен төлемдерді төлеуді;
іссапар шығыстарына өтемақы төлеуді;
басқару органының және бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеуді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
ұлттық басқарушы холдингтің стратегиялық консультативтік-кеңесші органының қызметін қамтамасыз ету үшін ұлттық басқарушы холдингтің көрсетілетін қызметтерді сатып алуын;
отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды малдары мен ауыл шаруашылығы малдарын сатып алуды;
ұлттық басқарушы холдингтің экспорттық кредиттерді сақтандыру бойынша мамандандырылған халықаралық сақтандыру компаниясының қызметтерін сатып алуын қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ функцияларын не жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті осы Үлгілік қағидаларда, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен ақылы негізде жүзеге асырылатын сатып алуы;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сатып алу жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстардың сметасы) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды).»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тапсырыс берушi сатып алу жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, сондай-ақ сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпаратты мемлекеттік сатып алудың веб-порталында не тапсырыс берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Сатып алуды осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағында көзделген тәсілдермен жүргізу рәсімдерін тапсырыс беруші сатып алу қағидаларын әзірлеу кезінде белгілейді.
Тапсырыс берушілер индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімде оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөнінде ақпарат береді.
Ұлттық басқарушы холдингтің және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамту жөніндегі ақпарат шоғырландырылып, ұлттық басқарушы холдинг атынан индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша және мерзімде беріледі.
Сатып алу қағидаларында осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген тәсiлдермен жүзеге асырылатын сатып алудың жүзеге асырылуы және сатып алу қорытындылары туралы хабарландыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында не тапсырыс берушінің ресми интернет-ресурсында міндетті түрде орналастыру туралы талаптар қамтылуға тиіс.
Тапсырыс берушілер сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлейді. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.»;
18-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) аралық соттағы дауды шешуге байланысты төрелік алымдар мен шығыстарды төлеу;»;
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
58-1), 58-2) және 58-3) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 61) тармақшамен толықтырылсын:
«61) Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының және Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін шикізат, құрал-саймандар мен шығыс материалдарын сатып алу.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Тапсырыс беруші осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алу қорытындыларын шығарғаннан кейін өнім берушімен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алу туралы шарт жасасады.
Сатып алу туралы шартта осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптар қамтылуға тиіс.
Сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс.»;
20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20-1. Тапсырыс беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей осы Үлгілік қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында не тапсырыс берушінің ресми интернет-ресурсында сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты орналастырады.»;
көрсетілген осы Үлгілік қағидалардың 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпарат

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 14 мамырдағы
№ 280 қаулысына
1-қосымша
Үлгілік қағидаларға
1-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпарат
Жалпы мәліметтер
Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің БСН
Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы (мем­ле­кет­тік тіл­де)
Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы (орыс ті­лін­де)
Са­тып алу жы­лы
1
2
3
4
Сатып алу жоспары
Р/с

Жос­пар тар­ма­ғы­ның тү­рі
Са­тып алу ны­са­на­сы­ның тү­рі
Та­у­ар­дың, жұ­мыстың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ко­ды (ТЖҚБ­НА сәй­кес)
Са­тып алы­на­тын та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің мем­ле­кет­тік тіл­де­гі ата­уы (ТЖҚБ­НА сәй­кес)
Са­тып алы­на­тын та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің орыс ті­лін­де­гі ата­уы (ТЖҚБ­НА сәй­кес)
Са­тып алы­на­тын та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің мем­ле­кет­тік тіл­де­гі қы­сқа­ша си­патта­ма­ла­ры (си­па­ты) (ТЖҚБ­НА сәй­кес)
Та­у­ар­лар, жұ­мыстар мен қыз­мет­тер­дің орыс ті­лін­де­гі қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (си­па­ты) (ТЖҚБ­НА сәй­кес)
Қо­сым­ша си­патта­ма (мем­ле­кет­тік тіл­де)
Қо­сым­ша си­патта­ма (орыс ті­лін­де)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Кестенің жалғасы
Са­тып алу тә­сі­лі
Өл­шем бір­лі­гі (ТЖ­ҚЖ сәй­кес)
Са­ны, кө­ле­мі
Бір­лік үшін ба­ға­сы, тең­ге
Са­тып алу­дың жос­пар­лан­ған со­ма­сы, тең­ге
Са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ру­дың мер­зі­мі (ай)
Та­у­ар­ды жет­кі­зу, жұ­мысты орын­дау, қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Та­у­ар­ды жет­кі­зу, жұ­мысты орын­дау, қыз­мет көр­се­ту ор­ны (ӘА­ОЖ сәй­кес ел­ді ме­кен ко­ды)
Ал­дын ала тө­лем мөл­ше­рі, %
11
12
13
14
15
16
17
18
19
*ТЖҚБНА – Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпаратта ақпаратты толтыру әр тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет бойынша әрбір жолда мынадай тәртіппен жеке жүзеге асырылады.
Жалпы мәліметтер
1-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (болған жағдайда толтырылады).
2-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің қазақ тіліндегі атауы көрсетіледі.
3-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі.
4-баған. Сатып алу жоспарының жылы көрсетіледі (мысалы: 2012).
Сатып алу жоспары
1-баған. Жылдық сатып алу жоспары жазбасының (позициясының) реттік нөмірі көрсетіледі (реттік нөмірі нүктесіз бүтін сандармен жазылады).
2-баған. Жоспар тармағының түрі көрсетіледі.
3-баған. Сатып алу нысанасының түрі (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет) көрсетіледі.
4-баған. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес 17 белгі деңгейінде тауар коды не 14 белгі деңгейінде жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі (мысалы: 01.11.11.00.00.00.01.10.1).
5-баған. ТЖҚБН анықтамалығына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қазақ тіліндегі атауы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
6-баған. ТЖҚБН анықтамалығына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
7-баған. ТЖҚБН анықтамалығына сәйкес қазақ тілінде сатып алу нысанасының қысқаша сипаттамасы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
8-баған. ТЖҚБН анықтамалығына сәйкес сатып алу мәнінің орыс тіліндегі қысқаша сипаттамасы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
9-баған. Сатып алу мәнінің қазақ тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі.
10-баған. Сатып алу мәнінің орыс тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (аталған баған толтыру үшін міндетті болып табылмайды).
11-баған. Сатып алу тәсілі көрсетіледі.
12-баған. ТЖҚБН анықтамалығына сәйкес өлшем бірлігі көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
13-баған. 11-бағанның көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі.
14-баған. Сатып алу мәнінің бірлігі үшін бағасы теңгемен көрсетіледі.
15-баған. Жоспарланатын сатып алу сомасы теңгемен көрсетіледі.
16-баған. Сатып алу рәсімдерін өткізудің жоспарланатын айы көрсетіледі.
17-баған. Жоспарланатын жеткізу мерзімі көрсетіледі (еркін жол).
18-баған. Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес елді мекен коды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу орны көрсетіледі.
19-баған. Аванстық төлемнің жоспарланған мөлшері көрсетіледі.

2 Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 14 мамырдағы
№ 280 қаулысына
2-қосымша
Үлгілік қағидаларға
2-қосымша
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпарат
Шар­ттар ті­зі­лі­мін­де­гі жа­з­ба­ның нө­мі­рі
Жа­з­ба­ның соң­ғы өзгер­ті­л­ген кү­ні
Тап­сы­рыс бе­ру­ші
Са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ру тә­сі­лі
Са­тып алу­ды өт­кі­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның нө­мі­рі
Са­тып алу­дың қо­ры­тындысы шық­қан күн
Шар­тты жа­са­су­дың негі­зін рас­тай­тын құ­жат­тың де­ректе­ме­ле­рі
Шарт
ата­уы
БСН
кү­ні
нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
кестенің жалғасы
Шарт ва­лю­та­сы­ның ко­ды
Та­у­ар­дың, жұ­мыстың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ко­ды (ТЖҚБ­НА) сәй­кес
Са­тып алы­на­тын та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (ТЖҚБ­НА сәй­кес) ата­уы
ТЖҚБ­НА сәй­кес та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (си­па­ты)
Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің қо­сым­ша си­па­ты
Та­у­ар ту­ра­лы ақ­па­рат
Бір­лік үшін ба­ға­сы, тең­ге­мен
Са­ны
Со­ма­сы, тең­ге
та­у­ар өн­ді­рі­л­ген ел
та­у­ар­дың мәр­те­бе­сі
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
кестенің жалғасы
Шарт бой­ын­ша өнім бе­ру­ші­лер (орын­да­у­шы­лар, мер­ді­гер­лер) ту­ра­лы ақ­па­рат
Шарт орын­дал­ған күн
Шар­ттың қол­да­ны­луы тоқ­та­ты­л­ған күн
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы (же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Ор­на­лас­қан же­рі (ме­кен­жайы)
БСН, ЖСН
Өнім бе­ру­ші­нің елі
Те­ле­фон және факс
Шарт бой­ын­ша
Іс жү­зін­де
Іс жү­зін­де тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің тө­ле­ге­ні, тең­ге­мен
Кү­ні
Негі­зі және се­бе­бі
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпаратта ақпаратты толтыру есепті кезең үшін әрбір жасалған шарт туралы жеке жолда мынадай тәртіппен жүзеге асырылады.
1-баған. Шарттар тізілімінде 20 мәнді нөмір жазбасын жүйе автоматты түрде толтырылады.
2-баған. Сатып алу шартына өзгеріс енгізілген жағдайда күні «күн, ай, жыл» (00.00.0000. мысалы, 04.10.2013.) форматында көрсетіледі.
3-баған. Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі.
4-баған. Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
5-баған. Сатып алу тәсілі мәтіндік бөлігі мен код аймағы мәнінің мынадай сәйкестігіне қарай көрсетіледі:
тендер – 1;
баға ұсыныстарын сұрату - 2;
бір көзден сатып алу – 3;
ұйымдастырылған электрондық сауда-саттық – 4;
тауар биржалары арқылы – 5;
кепілдендірілген тапсырыс – 6.
6-баған. Сатып алу өткізілетіні туралы хабарламаға берілген нөмір көрсетіледі.
7-баған. Сатып алу қорытындылары шыққан күн «күн, ай, жыл» (00.00.0000. мысалы, 04.10.2013.) форматында көрсетіледі.
8-баған. Құжаттың «күн, ай, жыл» (00.00.0000.) форматында күні, нөмірі мен атауы (мысалы, № 54, сатып алу қорытындыларының хаттамасы) көрсетіледі.
9-баған. Шарт жасалған күн «күн, ай, жыл» (00.00.0000.) форматында көрсетіледі.
10-баған. Шартқа берілген нөмір көрсетіледі.
11-баған. Шарт валютасының коды валюталардың сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.
12-баған. Тапсырыс беруші сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің коды Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.
13-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.
14-баған. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаты) Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.
15-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаттамасы көрсетіледі.
16-баған. Тауар өндірілген ел елдердің анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.
17-баған. Тауардың мәртебесі, егер: толық өндірілген болса – 1, қайта өңдеуге ұшыраған болса – 2 деп көрсетіледі.
18-баған. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бірлігінің бағасы (нүктеден кейінгі екінші ондық мәнге дейін дәл) теңгемен көрсетіледі.
19-баған. Тауарлардың саны 18-бағанда аталған тауарлардың өлшем бірлігіне сәйкес көрсетіледі.
20-баған. Шарттың сомасы теңгемен (нүктеден кейінгі екінші ондық мәнге дейін дәл) көрсетіледі.
21-баған. Заңды тұлғаның толық атауы немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты шартқа сәйкес көрсетіледі.
22-баған. Заңды тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы субъектісінің пошталық мекенжайы, атауы, қаланың (елді мекеннің), көшенің, үйінің, кеңсесінің (егер бар болса) нөмірі, жеке тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасы субъектісінің пошталық мекенжайы, атауы, қаланың (елді мекеннің), көшенің, жеке тұлғаның тұрғылықты орны бойынша тіркелген үйінің, пәтерінің нөмірі көрсетіледі.
23-баған. Заңды тұлғалар үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі.
24-баған. Елдердің анықтамалығына сәйкес өнім беруші резиденті болып табылатын ел көрсетіледі.
25-баған. Өнім берушінің телефоны және факсы (бар болса) көрсетіледі.
26-баған. Шарттың талаптарына сәйкес шарттың қолданылуы аяқталуының жоспарлы күні «айы, жылы» форматында (00.0000) көрсетіледі.
27-баған. Шарттың орындалған күні «күні, айы, жылы» форматында (00.00.0000.) көрсетіледі.
28-баған. Шарт ақысын төлеу есебіне жүзеге асырылған төлемдер сомасы теңгемен не шартта көрсетілген валютада көрсетіледі.
29-баған. Өзге себептермен шарттың қолданылуының орындалуының немесе орындалмауының тоқтатылған күн «күні, айы, жылы» форматында (0000.00.00.) көрсетіледі.
30-баған. Бұзылуына байланысты немесе өзге себептер бойынша шарт қолданысының тоқтатылу негіздемесі мен себебі көрсетіледі.

Қолданыстағы