Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787

Қаулы · № 279 · қабылданған 02.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2009-no-787-ekb-51513/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787 Күшін жойған Қаулы ·№ 279 ·02.04.2010
01.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787

Күшін жойған Қаулы ·№ 279 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
279
Қабылданған күні
02.04.2010
Көрсетілген редакция
01.01.2020 51513_434447.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000279_
ЭКБ идентификаторы
51513
Редакция идентификаторы
51513_434447
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:37

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қазақстандық қамту - сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының осы шарт бойынша жалпы еңбекақы төлеу қорынан және (немесе) сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық қамту үлесі (үлестері) құнынан пайыздық мәні;»;
7) тармақшада мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесті сатып алуды;»;
10) тармақша алынып тасталсын;
5-тармақта:
4) тармақша «аяқтау» деген сөздің алдынан «келесі қаржы жылы (жылдары)» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Осы Үлгі ереженің 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алуды жүргізу рәсімдерін тапсырыс беруші сатып алу ережесін әзірлеу кезінде белгілейді.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде тапсырыс берушілер:
1) тендерге қатысушыларға берілетін тендерлік құжаттамада тендерге қатысушы - тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілердің (отандық тауар өндірушілердің және жұмыстар мен қызметтерді берушілердің) бағаларын шартты түрде азайту жөніндегі талаптарды көздейді;
2) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілердің (отандық тауар өндірушілердің және жұмыстар мен қызметтерді берушілердің) өтінімдерін қарау және тендердің жеңімпазын таңдау кезінде бағаны шартты түрде азайтуды қолданады;
3) тендерге қатысушылардың баға ұсыныстары тең болған кезде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілерге (отандық тауар өндірушілерге және жұмыстар мен қызметтерді берушілерге) артықшылық береді.
Тапсырыс берушілер сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту жөніндегі ақпаратты олар белгілеген нысан бойынша және мерзімде береді.
Ұлттық басқарушы холдингтің және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту жөніндегі ақпарат шоғырландырылып, ұлттық басқарушы холдинг атынан сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға олар белгілеген нысан бойынша және мерзімде береді.»;
18-тармақта:
26) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тендердің қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалану туралы заңнама шеңберінде ол өнім беруші ретінде жасаған сатып алу туралы;»;
40) тармақша алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы