Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787

Қаулы · № 896 · қабылданған 06.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2009-no-787-ekb-54333/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787 Күшін жойған Қаулы ·№ 896 ·06.09.2010
01.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787

Күшін жойған Қаулы ·№ 896 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
896
Қабылданған күні
06.09.2010
Көрсетілген редакция
01.01.2020 54333_434484.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000896_
ЭКБ идентификаторы
54333
Редакция идентификаторы
54333_434484
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:25

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) стратегиялық әріптестер - тапсырыс беруші айқындайтын ұйым, оның ішінде қажетті ресурстарға (интеллектуалдық, ғылыми, әдіснамалық, білім беру, технологиялық, кадрлық) ие және мынадай:
қазіргі заманғы әдіснамалар мен жаңа технологияларды білім беруге енгізу;
білім берудің инновациялық мазмұны мен қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
білім беру қызметі мен оның нәтижелеріне, оның ішінде оқытудың сапасына және оқушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижелеріне мониторингті, сыртқы бағалауды жүзеге асыру;
білім беру қызметінің сапасын, балалар мен педагогтарды конкурстық іріктеудің аспаптары мен технологияларын бақылау мен бағалау құралдарын әзірлеу және енгізу;
оқу үдерісін қамтамасыз ететін кабинеттер мен зертханалар үшін жабдықтарды әзірлеу және өндіру салаларының бірінде немесе бірнешеуінде халықаралық қызмет тәжірибесі бар шетелдік ұйым.»;
18-тармақ мынадай мазмұндағы 56), 57), 58) тармақшалармен толықтырылсын:
«56) стратегиялық әріптестерден білім және ғылым, білім беру үдерісін әдіснамалық, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
57) білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес шетелдік арнайы оқу және көркем әдебиетті сатып алу;
58) тапсырыс берушіге «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» құрылысына бөлінген жер учаскелеріндегі құрылыстарды сатып алу және бұзу бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган болып табылатын заңды тұлғадан сатып алу.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Осы қаулының 1-тармағының он үшінші абзацы 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

Қолданыстағы