Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 28 июля 2010 года № 23/190-IV "Об утверждении правил определения и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"

Ереже · № 22/156-V · қабылданған 17.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2010-no-23190-iv/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 28 июля 2010 года № 23/190-IV "Об утверждении правил определения и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)" Күшін жойған Ереже ·№ 22/156-V ·17.04.2014
01.01.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 28 июля 2010 года № 23/190-IV "Об утверждении правил определения и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"

Күшін жойған Ереже ·№ 22/156-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 28 июля 2010 года № 23/190-IV "Об утверждении правил определения и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"
Атауы (қаз.)
"Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 23/190-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22/156-V
Қабылданған күні
17.04.2014
Көрсетілген редакция
01.01.2015 AI79889_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VM003322
ЭКБ идентификаторы
79889
Редакция идентификаторы
AI79889_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:01

0 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін

көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы"
Катонқарағай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 23/190-ІV
шешіміне өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 қаулысына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Катонқарағай аудандық мәслихатының «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 28 шілдедегі № 23/190-ІV шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-13-78 нөмірмен тіркелген, 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 37 (7381) «Арай» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидаларын бекіту туралы»;
шешімнің және қосымшаның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ереже", «Ережесі», «Ережелер», «Ережеде», «Ереженің», «Ережесін», «Ережесінде» деген сөздер тиісінше "Қағида", «Қағидасы», «Қағидалар», «Қағидада», «Қағиданың», «Қағидасын», «Қағидасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген аталған шешіммімен бекітілген аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасының:
1-тараудың 1-тармағы 2 азат келесі мазмұмдағы азат жолмен толықтырылсын:
«Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

2 2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

3 3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

4 4) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;

5

5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

6 6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.»;

2-тараудың 4-тармағы 3 азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы.»;
4-тарау келесі редакцияда мазмұндалсын:

4 «4. Тұрғын үй көмегін төлеу

22 22. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы