О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 июля 2010 года № 265 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Актобе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 июля 2010 года № 265 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Актобе"
- Атауы (қаз.)
- "Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылдың 28 шілдедегі № 265 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 190
- Қабылданған күні
- 20.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2017 76236_280159.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13CA003723
- ЭКБ идентификаторы
- 76236
- Редакция идентификаторы
- 76236_280159
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:28
0 "Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылдың 28 шілдедегі № 265 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысының 2 және 3 тармақтарына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. "Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 3-1-140 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 қыркүйекте № 115 "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесіндегі:
1 тармақтың 1) тармақшасының соңғы азат жолы алынып тасталсын;
2 тармақтағы:
екінші азат жолында ", тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1 - ден төмен емес электр знергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнының" сөздері алынып тасталсын;
үшінші азат жолында ", тәулiк уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдiк класы 1 - ден төмен емес электр қуатын бiр фазалық есептегіштiң құнына" сөздері алынып тасталсын;
3 тармақтағы ", тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1 - ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнына" сөздері алынып тасталсын;
9 тармақтағы ", тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1 - ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнына" сөздері алынып тасталсын;
13 тармақтағы ", тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1 - ден төмен емес электр энергиясының бiр фазалық есептегішінің құны" сөздері алынып тасталсын;
18 тармақтың екінші азат жолында "және тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1 - ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептегіштің құнының" сөздері алынып тасталсын.