Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 июля 2010 года № 265 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям гражданам) в городе Актобе"

Ереже · № 337 · қабылданған 10.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2010-no-265/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 июля 2010 года № 265 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям гражданам) в городе Актобе" Күшін жойған Ереже ·№ 337 ·10.06.2015
12.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 июля 2010 года № 265 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям гражданам) в городе Актобе"

Күшін жойған Ереже ·№ 337 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 июля 2010 года № 265 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям гражданам) в городе Актобе"
Атауы (қаз.)
Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
337
Қабылданған күні
10.06.2015
Көрсетілген редакция
12.12.2017 91420_280163.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15CA004423
ЭКБ идентификаторы
91420
Редакция идентификаторы
91420_280163
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:41

0 Ақтөбе қалалық мәслихатының

«Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз
етілген отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін
және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту
туралы» 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 7 баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265 «Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 7 қыркүйекте № 3-1-140 санымен тіркелген, 2010 жылғы 21 қыркүйектегі «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасындағы:
1 тармақтағы:
1) тармақшаның 3 азат жолы мынадай редакцияда мәлімделсін:
«жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй - жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстарына;»;
2) тармақша мынадай редакцияда мәлімделсін:
«кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстар - үй - жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысынын шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп - ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй - жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай - ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекеленген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;»;
2 тармақтағы:
2 азат жолдағы «тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға жұмсалатын» сөздері «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын» сөздерімен ауыстырылсын;
3 азат жолдағы «тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға ақы төлеуге» сөздері: «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға ақы төлеуге» сөздерімен ауыстырылсын;
3 тармақтағы:
«тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға жұмсалатын шығыстарының» сөздері: «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстарының» сөздерімен ауыстырылсын;
4 тармақтағы:
«Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) жылыту және күтiп - ұстау шығындары» сөздері: «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жылыту және күтіп - ұстау шығыстары» сөздерімен ауыстырылсын;
9 тармақтағы:
«тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға жұмсалатын шығыстарына» сөздері: «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстарына» сөздерімен ауыстырылсын;
13 тармақтағы:
«тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға жұмсалатын шығыстары» сөздері: «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстары» сөздерімен ауыстырылсын.

2 2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы