Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 28 июля 2010 года № 346 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи в городе Лисаковске"

Ереже · № 465 · қабылданған 28.10.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2010-no-346-ekb-61330/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 28 июля 2010 года № 346 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи в городе Лисаковске" Күшін жойған Ереже ·№ 465 ·28.10.2011
29.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 28 июля 2010 года № 346 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи в городе Лисаковске"

Күшін жойған Ереже ·№ 465 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 28 июля 2010 года № 346 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи в городе Лисаковске"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
465
Қабылданған күні
28.10.2011
Көрсетілген редакция
29.04.2015 61330_128845.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11ND000191
ЭКБ идентификаторы
61330
Редакция идентификаторы
61330_128845
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:21

0 Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Мәслихаттың "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-4-170 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 9 қыркүйекте "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы:
1-тармақта:
екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау-ға арналған шығыстар төлемін;";
2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және өндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстардың шоттары.";
4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті орган осы Қағиданың 2-тармағында белгіленген, өтініш берушімен қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау  немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаның бір данасы өтініш берушіге беріледі.";
11-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері бойынша туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.".

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Лисаков қаласы
әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін
атқарушы
_______ Л. Бочаренко

Қолданыстағы