О внесении изменений и дополнений в решение Таласского районного маслихата от 28 сентября 2010 года № 36-6 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Таласскому району"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Таласского районного маслихата от 28 сентября 2010 года № 36-6 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Таласскому району"
- Атауы (қаз.)
- "Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын ұй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 36-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 45-5
- Қабылданған күні
- 02.09.2011
- Қолданысқа енгізілген күні
- 16.10.2011
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2019 60616_391063.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11GJ000124
- ЭКБ идентификаторы
- 60616
- Редакция идентификаторы
- 60616_391063
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:41
0 "Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын ұй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 36-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 36-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6 – 10 – 112 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 қарашадағы № 97 аудандық «Талас тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімен бекітілген Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің:
бүкіл мәтініндегі (14 тармағын қоспағанда):
«кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар» деген сөздер «тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«коммуналдық қызметтерді», «коммуналдық қызметтерін» деген сөздерден кейін «және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін» деген сөздермен толықтырылсын;
3 - тармағындағы «кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, күрделi жөндеуге» деген сөздер «тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 - тармағындағы «кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға» деген сөздер «тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға» деген сөздермен ауыстырылсын.
10 тармақ алынып тасталсын;
15 тармағы «тиісті қызмет көрсетушілердің (қызмет жабдықтаушылардың) есеп шотына» деген сөздерден кейін «, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын абоненттердің жеке есеп шотына» деген сөздермен толықтырылсын.