Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 сентября 2010 года № 468 «Об утверждении Правил получения предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования иностранцами и лицами без гражданства, постоянно проживающими в Республике Казахстан»

Бұйрық · № 481 · қабылданған 29.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2010-no-468/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 сентября 2010 года № 468 «Об утверждении Правил получения предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования иностранцами и лицами без гражданства, постоянно проживающими в Республике Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 481 ·29.11.2022
29.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 сентября 2010 года № 468 «Об утверждении Правил получения предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования иностранцами и лицами без гражданства, постоянно проживающими в Республике Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 481 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 сентября 2010 года № 468 «Об утверждении Правил получения предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования иностранцами и лицами без гражданства, постоянно проживающими в Республике Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
481
Қабылданған күні
29.11.2022
Көрсетілген редакция
29.11.2022 174501_605415.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030819
ЭКБ идентификаторы
174501
Редакция идентификаторы
174501_605415
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:37

0 «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6573 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу қағидасы

Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 481 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 468 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу қағидасы

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы», «Босқындар туралы», «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың меншік түріне қарамастан мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу тәртібін реттейді.

2

2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалардың (босқындар, пана іздеген адамдар, консулдық лауазымды тұлғалар, дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері, Қазақстан Республикасында көші-қон заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін еңбек мигранттары) балалары мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу үшін білім беру ұйымдарына қабылданады және Қазақстан азаматтарымен бірдей құқықтарға ие.

2 2-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келгендердің мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу тәртібі

3

3. 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар өз баласын білім беру ұйымдарын анықтау барысында облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) білім басқармаларына өтініш жасайды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады:
шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
босқын - босқынның куәлігі;
паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаның куәлігі;
қандас – қандас куәлігі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары қарау нәтижелері бойынша өтініш берушіге Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжатты білім беру ұйымдарына ұсыну үшін қайтарады.

4

4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім басқару органдары 3-тармақта көрсетілген тұлғалардан 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушыларға бос оқушы орындары бар білім беру ұйымын анықтап, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқуға қолма-қол жолдама береді.

5 5. 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар оқуға жолдама алғаннан кейін білім беру ұйымына қағаз тасымалдағыш түрінде келесі құжаттарды тапсырады:

1 1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 3-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;

2 2) шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
босқын – босқын куәлігі;
пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
қандас – қандас куәлігі.

3

3) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысаны, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);

4 4) орта білім беру ұйымында оқу үшін жолдама;

5 5) баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi 2 дана;

6 6) үлгерім табельдері немесе ағымдағы бағалардың анықтама-көшірмесі.

6 6. Білім беру ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған тұлғалардың балаларын қабылдау кезінде, аталған балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен осы Қағидалардың 5-тармағында 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды талап етеді.

Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері құжаттарды ұсынудан бас тартуы кезінде, білім беру ұйымдарының басшылары тез арада ішкі істер органдарын хабардар етеді.

7

7. Білім беру ұйымдарының басшылары шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларын Қазақстан Республикасының азаматтары балаларының саны аталған сыныпта балалардың тізімдік саны кемінде 85% болған кезде, баланың оқу ортасында сәтті әлеуметтенуіне, олардың білім туралы құжатына сәйкес шетелде алған білім деңгейіне қарай, тиісті сыныптар бойынша білім алушылар қатарына қабылдайды.
Білім туралы құжаттары жоқ болған жағдайда қалалық (аудандық) білім бөлімі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына сәйкес комиссия құрады.
Білім алушылардың қатарына тіркеу комиссиясының шешімі негізінде білім беру ұйымы басшысының шешімімен жүргізіледі.

8 8. Білім беру ұйымдары үш күннен кешіктірмей басшылары шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларын оқуға қабылдау туралы мәліметтіҰлттық білім беру дерекқорына орналастырады.

9

9. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктер оқу мерзіміне байланысты білімі туралы тиісті құжаттарын алады (негізгі орта білім туралы куәлік, орта білім туралы аттестат, білім алу деңгейін толық аяқтай алмаған жағдайда - оқу үлгерімі туралы табель немесе білім беру ұйымының мөрімен расталған пәндер бойынша бағалар жазылған сынып журналынан анықтама-үзінді).

1 Өтініш

Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың
мектепалды, бастауыш,
негізгі орта және жалпы орта
білім алу қағидасына
1-қосымша
____________________________
қаланың/ ауданның
білім бөлімі ____________________________
_____________________________
қаланың білім басқармасы
_____________________________
өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________
заңды тұлғаның
____________________________
тұрғылықты жері (заңды тұлғаның тіркелген мекенжайы)
____________________________
үй, ұялы телефондар
Өтініш
Менің балам __________________________________________________
(баланың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
_________________________________________________________________
(тіркелген мекенжайы бойынша елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың
атауы)
оқуы үшін білім беру ұйымын анықтауды сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_______________ "___" ________ 20__ жыл
(қолы)

2 Орта білім беру ұйымында оқу үшін жолдама

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу қағидасына
2-қосымша
________________________________
________________________________
________________________________
(білім бөлмінің атауы) ____________________________
қала/ аудан ____________________________
немесе қалалық оқу бөлімі
_____________________________
Орта білім беру ұйымында оқу үшін
жолдама
Сіздің балаңызға оқуға
_____________________________________________________________________________
(Білім беру ұйымының атауы)
ұсынылады.
Орындаушы __________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Телефон ______________________________________________________________________
Алдым: _______________________________________________________________________
(ата-анасы немесе басқа заңды тұлғаның қолы /тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20_____ жылғы «_____» _________

3 Өтініш

Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын шетелдіктердің және
азаматтығы жоқ тұлғалардың
мектепалды, бастауыш,
негізгі орта және жалпы орта
білім алу қағидасына
3-қосымша
Нысан
_______________________
білім беру ұйымының атауы _______________________
директордың тегі, ата, әкесінің аты (болған жағдайда)
кімнен __________________
ата-ананың (заңды өкілдің)
тегі, ата, әкесінің аты (болған жағдайда))
Телефоны: _________________
Өтініш
Менің балам _________________________________________
(тегі, ата, әкесінің аты (болған жағдайда)
_____________________________________________________
(елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)
_____________________________________________________
тіркелген мекенжайы бойынша
_____________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы) қабылдауды сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_______________ "___" ________ 20__ жыл
(қолы)

Қолданыстағы