Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 ноября 2010 года № 546 «Об утверждении Правил признания свидетельств авиационного персонала, выданных иностранными государствами»

Бұйрық · № 510 · қабылданған 16.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2010-no-546-ekb-133553/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 ноября 2010 года № 546 «Об утверждении Правил признания свидетельств авиационного персонала, выданных иностранными государствами» Қолданыста Бұйрық ·№ 510 ·16.07.2019
16.07.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 ноября 2010 года № 546 «Об утверждении Правил признания свидетельств авиационного персонала, выданных иностранными государствами»

Қолданыста Бұйрық ·№ 510 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 ноября 2010 года № 546 «Об утверждении Правил признания свидетельств авиационного персонала, выданных иностранными государствами»
Атауы (қаз.)
«Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
510
Қабылданған күні
16.07.2019
Көрсетілген редакция
16.07.2019 133553_415990.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019043
ЭКБ идентификаторы
133553
Редакция идентификаторы
133553_415990
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:08

0 «Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6690 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 наурызда № 116-119 (26525) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

0 Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесі

Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы «___» ___ № __
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2010 жылғы
28 қарашадағы № 546
бұйрығымен бекітілген
Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану
ережесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 1-қосымшасына сәйкес әзірленген (Чикаго, 1944 жылғы 7 желтоқсан).

2 2. Осы Ереже шет мемлекеттері берген авиациялық персоналдың куәліктерін тану тәртібін және шарттарын белгілейді.

3 3. Қазақстан Республикасының азаматына шетел мемлекеті берген авиациялық персонал куәлігін немесе жұмысқа жалдану үшін Қазақстан Республикасына келген шетел азаматының авиациялық персонал куәлігін тану Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен жүзеге асырылады.

4 4. Шетел азаматына шетел мемлекеті берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігі мынадай талаптар сақталған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жарамды деп таниды:

1 1) үміткер Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымына жұмысқа шақырылса (көшірмесі);

2 2) үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:

жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат);
азаматтық авиация персоналының авиациялық куәлігі (көшірмесі);
медициналық қорытынды (ұшу және диспетчерлік құрам үшін – көшірмесі);
кейінгі кезеңде біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы құжаттың көшірмесі (LPC/OPC skill test up grade ұшу құрамы үшін);
ұшу кітапшасынан ұшу сағаттары туралы жазба бөлімінен соңғы үш бет (көшірмесі);
осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шет мемлекет берген Авиация персоналының куәліктерін тануға өтініш (түпнұсқа);
әуе құқығы, метеорология бойынша білімді көрсету нәтижелерінің көшірмелері, пайдалану рәсімдері, Қазақстан Республикасының ерекшеліктерін есепке алғандағы фразеология (әуе экипажы мүшелері).
Егер Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға болып табылатын пайдаланушы басқа мемлекетте (тіркеу мемлекеті) тіркелген әуе кемелерін пайдаланған жағдайда, егер Қазақстан Республикасымен және әуе кемесі тіркелген мемлекетпен жасалған халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе жағдайда, осы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің авиациялық персоналының куәліктерін тануды тіркеу мемлекеті жүзеге асырады.

5 5. Қазақстан Республикасының азаматына шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігі мынадай талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады:

1 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы болған;

2

2) шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігі «Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығымен бекітілген оқу және кәсіптік бағдарламаларға сәйкес келгенде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8783 тіркелген);

3 3) әуе кемесінде оқу бойынша біліктілігі және денсаулық сақтау субъектісі немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым таныған Қазақстан Республикасы шегінен тысқары медициналық орталық берген кәсіптік жарамдылықтың медициналық қорытындысы болғанда;

4 4) ұшу сағаттарының мөлшері Конвенцияға 1-қосымшаға (Авиация персоналына куәлік беру) сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарында көрсетілген ұшу уақытының минимумына тең немесе жоғары болуы тиіс;

Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияның авиация персоналы осы Қағидада көзделген талаптарды сақтаған кезде шет мемлекетте алған әуе кемесінде оқыту бойынша біліктілігін жоғалтпайды.

6

6. Шет мемлекеттер шетел азаматтарына берген азаматтық авиацияның авиациялық персоналы куәлігі Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым арқылы біліктілік арттыру курсынан өту мерзімінің аяқталуына дейін, ал ұшқыштар құрамының куәлігі медициналық қорытынды әрекетінің мерзімі аяқталғанға дейін танылады.
Шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігінің жарамдылығын растау үшін Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшаның талаптарына сәйкес осы мемлекеттің Авиациялық әкімшілігіне сұрау салу жібереді.

7 7. Шетел мемлекетінің Авиациялық әкімшілігі азаматтық авиацияның авиациялық персоналының куәлігін растағаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес шетел мемлекеті берген авиациялық персонал куәлігін тану туралы куәлік береді.

2 2-тарау. Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану тәртібі

8 8. Шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігін тануын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға еркін нысанда өтініш және осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тиісті құжаттарды ұсынады.

9

9. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым екінші мемлекеттің Авиациялық әкімшілігінен растау алған күні шетел мемлекеті берген авиациялық персонал куәлігін тану туралы куәлікті береді. Авиациялық персонал куәлігін тану туралы куәліксіз авиациялық персонал куәлігі жарамсыз деп есептеледі.

10

10. Шет мемлекет берген авиация персоналының куәлігін тану туралы куәлігі (сертификатты) алған Қазақстан Республикасының азаматы үшін азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйым «Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 750 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8782 тіркелген) мемлекеттік ұйымға өтінім жасағанда Қазақстан Республикасының авиация персоналының куәліктерін беру қағидасына сәйкес авиация персоналының куәлігін береді.

1 Авиациялық персоналдың

шетел мемлекеттері берген
куәліктерін тану ережесіне
1-қосымша
Нысаны
Авиациялық персоналдың шетел мемлекетi берген куәлiгiн тану өтiнiшi
Personal Data /Персоналдың деректерi:
Last Name/Тегi:...........Given Names/Аты:............
Address/Мекенжайы:........Date of Birth/Туған күнi:...
Employing Company/Авиакомпания:.Passport No/ төлқұжат №.....
Licence to be validated/....... Number/ Нөмiрi:.............
Валидацияға берiлген авиациялық
персонал куәлiгi
Licence Data/Лицензияның деректерi:
Type of Licence/Лицензия үлгiсi:...
Licence Number/Лицензия нөмiрi:....
Type Ratings/ Рұқсаттар:....... Limitations/Шектеулер:.....
Issued by/Берiлген орны:....... Expiry Date/Қолданылу мерзiмi:
Medical Declaration/Медициналық сертификат (ұшқыштар және диспечерлер құрамының):
Type of Certificate (Class 1/Class 2).. Latest Examination Date:..
Сертификат сыныбы (1-сынып/2-сынып)     Соңғы тексеру күнi:
Expiry Date/Қолданылу мерзiмi:....Limitations/Шектеулер:...
Flying Experience/ Ұшу уақыты (ұшқыштар құрамының):
Total hours on A/C Type Requested:...   Total Night Flight Time:
әуе кеменiң сұратылған үлгiсiндегi
жалпы ұшу сағаттары   Жалпы түнгi ұшу сағаттары
Total Flight Time as Pilot In Command (PIC)..
Әуе кеме командирiнiң жалпы дербес ұшуы
Total hours as First Officer.......
Екiншi пилот ретiнде жалпы ұшу
Total PIC on Multi Crew Aircraft *Total Instrument Time:
Көп қозғалтқышты әуе кемесiмен    Аспап бойынша ұшу ережесi
жалпы дербес ұшу....  бойынша жалпы ұшу:
Total Time:.........
Жалпы ұшу:
* (Captain on MPA + 50% Co Pilot on MPA) * (Көп қозғалтқышты әуе кеменiң командирi +50% көп қозғалтқышты әуе кеменiң екiншi пилоты)
Currency Data/Қолданылу мерзiмi туралы деректер:   Landings within 90 days >3? (Y/N) / 90 күн iшiндегi қонулар >3? (ия/жоқ)
Latest Proficiency Check Date / Тренажерден өту күнi:
..................
Name of Examiner / Нұсқаушы: ...................................
Latest Date Flown / Алдыңғы ұшу күнi: ..........................
DECLARATION
ӨТIНIШ
I hereby declare that the above supplied information is truthful and correct. I am aware that I may not exercise privileges other than the privileges authorized by my licence under its conditions and limitations, and which may be further limited by the Department of Civil Aviation Authority Republic of Kazakhstan.
Өзiм берген ақпараттың дұрыс екендiгiн растаймын. Менiң лицензиямда жазылған немесе Қазақстан Республикасының Авиациялық билiк орындары белгiлеген бiр де бiр шектеулерден асырмауға тиiс екендiгiмнен хабардармын.
______________________________________________________________
Date/Күнi:.................
Signature of Applicant/Қолы: ___________________

2 Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәлігін тану туралы куәлік

Авиациялық персоналдың
шетел мемлекеттері берген
куәліктерін тану ережесіне
2-қосымша
Нысаны
Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәлігін тану туралы куәлік
STATE LOGO ETC
РӘМІЗ
Subject: Confirmation of the validity of the: Attn:
Субъект: Жарамдылығын растау: Наз.:
We confirm, that is a holder of a valid
Біз осы куәлік иесінің әрекет ететінін растаймыз
INFORMATION FORM FOR THE VERIFICATION OF A LICENSE
ITEM
ICAO ANNEX 1
DESCRIPTION Си­патта­ма­сы
English/loca  language (Қа­зақ)
1
(i)
State of license issue
Ку­ә­лік бе­рі­л­ген (ел, қа­ла) жер
2
(ii)
Title of license
Ку­ә­лік­тің ата­уы (ATPL, CPL etc.)
3
(iii)
Serial number of license
Ку­ә­лік­тің нө­мі­рі
4
(iv)
Full name of holder (last and first)
Ку­ә­лік ие­сі­нің аты және те­гі
5
(iv a)
Date of birth (dd/mm/yyyy)
Ту­ған кү­ні
6
(v)
Address of holder (as on license)
Ку­ә­лік ие­сі­нің ме­кен­жайы (ку­ә­лік­те жа­зы­л­ған­дай)
7
(vi)
Nationality of holder
Ұл­ты
8
(viii)
Issuing Authority (conditions under which license is issued)
Ку­ә­лік бе­ру­ші ұй­ым­ның ата­уы
9
(x)
Date of issue and validity date Ку­ә­лік­тің бе­рі­л­ген кү­ні және қол­да­ныс мер­зі­мі
10
(xii)
Valid Ratings held (Type/Class/Instrument and Instructor)
(тү­рі, сы­ны­бы, ас­пап­ты ұшу, ин­струк­тор­лық рұқ­сат­та­ма)
Ratings (рей­тинг раз­ряд)
Valid until
Жа­рам­ды­лық мер­зі­мі
11
(xiii)
Remarks, limitations and endorsements (e.g.: night qualification for PPL, etc; English Language Proficiency Level)
Ес­кер­ту­лер,шек­те­улер, рас­та­у­лар (ком­мер­ци­я­лық) же­ке пи­лот­тың ұшуы­на түн­гі рұқ­сат; ағы­л­шын ті­лі­нің дең­гейі)
12
Past of pending enforcement action
Авиа­ци­я­лық оқи­ға орын ал­ды ма
_
|_|Yes
Ия
_
|_|No
жоқ
13
Medical details,
Class 1/ Class 2 (Delete as applicable) сы­нып дең­гейі
LIMITATIONS
шек­те­улер
VALID UNTIL
Қол­да­ныс мер­зі­мі
CERTIFICATION
I, (last and first name)  certify that the details entered on the form above and on additional pages attached are true and correct. Мен (аты, те­гі)
бар­лық жо­ға­ры­да ай­ты­л­ған және тол­ты­ры­л­ған де­ректер­дің рас­тығы мен дұ­ры­стығ­ын рас­тай­мын
Certifying Signature and Aviation Authority stamp
Ку­әлан­ды­ру­шы ұй­ым және штамп
Authority Ку­әлан­ды­ру­шы ұй­ым:
FAX факс:  PHONE байл. те­ле­фо­ны:
Position ла­у­а­зы­мы:
Signature қо­лы: stamp/штамп: date/бе­рі­л­ген кү­ні:
(dd/mm/yyyy)

Қолданыстағы