Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 28 декабря 2010 года № 88 "Об утверждении Инструкции по организации прокурорского надзора за законностью исполнительного производства"

Бұйрық · № 155 · қабылданған 25.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2010-no-88-ekb-70603/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 28 декабря 2010 года № 88 "Об утверждении Инструкции по организации прокурорского надзора за законностью исполнительного производства" Күшін жойған Бұйрық ·№ 155 ·25.12.2012
02.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 28 декабря 2010 года № 88 "Об утверждении Инструкции по организации прокурорского надзора за законностью исполнительного производства"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 155 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 28 декабря 2010 года № 88 "Об утверждении Инструкции по организации прокурорского надзора за законностью исполнительного производства"
Атауы (қаз.)
"Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығына өзгеріс енгізу жайлы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
155
Қабылданған күні
25.12.2012
Көрсетілген редакция
02.05.2018 70603_325097.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008284
ЭКБ идентификаторы
70603
Редакция идентификаторы
70603_325097
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:11

0 "Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығына өзгеріс енгізу жайлы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 «Прокуратура туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарының нормативтік ережелеріне сәйкес, сондай-ақ азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың конституциялық және басқа да заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғауды, атқарушылық іс жүргізу саласындағы прокурорлық қадағалаудың тиімділігін қамтамасыз ету, аумақтық прокурорлар мен мамандандырылған прокуратуралардың прокурорларының өкілеттіктерін шектеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 6737 тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:
5-тармақтың екінші бөлігін мынадай мазмұнда жазылсын:
«Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры және оларға бағынышты прокурорлар, табиғатты қорғау прокурорлары, аталған прокурорлардың бастамасы бойынша қозғалған немесе олардың қатысуымен қаралған азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер, қылмыстық істердің мүлікті өндіріп алу бөлігі жөніндегі соттармен жазылған атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңдылығын тексереді.».

2 2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Бұйрық Бас прокуратура мекемелерінің және ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы