О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 28 июня 2010 года № 95 "Об утверждении требований к экспертизе концессионных предложений, конкурсной документации, в том числе при внесении в нее изменений и дополнений, концессионных заявок, представленных участниками конкурса при проведении конкурса по выбору концессионера, и проектов договоров концессии, в том числе при внесении в договоры концессии изменений и дополнений"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 28 июня 2010 года № 95 "Об утверждении требований к экспертизе концессионных предложений, конкурсной документации, в том числе при внесении в нее изменений и дополнений, концессионных заявок, представленных участниками конкурса при проведении конкурса по выбору концессионера, и проектов договоров концессии, в том числе при внесении в договоры концессии изменений и дополнений"
- Атауы (қаз.)
- "Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 95 бұйрығына өзгерістер
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 26.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2014 AI84163_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009836
- ЭКБ идентификаторы
- 84163
- Редакция идентификаторы
- AI84163_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:27
0
"Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 95 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6354 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарда:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, мыналарды:
1) Заңының 13 бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық ұсыныстар сараптамасын;
2) Заңының 13 бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;
3) Заңының 13 бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын;
4) Заңының 13 бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессия шарттары жобаларының, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын жүргізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тартады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Талаптардың 5-тармағында көрсетілген әрбір құжаттың сараптамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген келісулер, қорытындылар мен сараптамаларды, сондай-ақ концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар жүргізген концессиялық жоба бойынша оның алдындағы құжат сараптамасының нәтижелерін (тұжырымдары мен ұсынымдарын) ескере отырып, жүзеге асырылуы тиіс.».
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Концессиялық жобаның ТЭН бағалау жүргізу кезінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар Заңның 3 және 7-2-баптарында айқындалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия қағидаттарын басшылыққа алады.».