О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 февраля 2011 года № 11-2/94 «Об утверждении Правил разработки и утверждения производителем биотоплива паспорта производства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 февраля 2011 года № 11-2/94 «Об утверждении Правил разработки и утверждения производителем биотоплива паспорта производства»
- Атауы (қаз.)
- «Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 11-2/94 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 333
- Қабылданған күні
- 16.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2021 160341_547040.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100025217
- ЭКБ идентификаторы
- 160341
- Редакция идентификаторы
- 160341_547040
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:52
0 «Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 11-2/94 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 11-2/94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6854 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережелерінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту тәртібін айқындайды.»;
2-тарауда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Биоотын өндірушісінің өндіріс паспортын әзірлеу тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
«21-1. Биоотын өндірісінің паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген кезде өндіруші биоотын өндірісінің паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін уәкілетті органға өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы жазбаша түрде ақпарат ұсынады.»;
3-тарау алып тасталсын;
көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Өндіріс паспортының титул беті
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 16 қарашадағы № 333
бұйрығына қосымша
Биоотын өндірушісімен
өндіріс паспортын әзірлеу
және бекіту ережелеріне
1-қосымша
Нысан
Бекітемін
____________________________
(бірінші басшының
____________________________
(уәкілетті тұлғаның) аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі) ____________________________
(қолы)
«_____» __________________
(күні)
Өндіріс паспортының титул беті
Әзірленген
______________________________
(өндіріс паспортын әзірлеген ұйым атауы) _________________________________
(әзірлеуші-ұйым басшысының аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
«___» _______________________________
(күні)