О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 2011 года № 1103 «Об утверждении Правил приобретения государством прав на имущество по договору дарения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 2011 года № 1103 «Об утверждении Правил приобретения государством прав на имущество по договору дарения»
- Атауы (қаз.)
- «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 297
- Қабылданған күні
- 23.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2016 102715_86750.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000297
- ЭКБ идентификаторы
- 102715
- Редакция идентификаторы
- 102715_86750
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:03
0 «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 784-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасында:
15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджетке салықтық емес түсімдер болып табылатын көрсетілген ақшалай қаражатты тиісті бюджетке аударуды меншік иесі осы Қағиданың
7-тармағында көзделген шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік жиырма күн ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың тиісті кодтарына жүргізеді. Меншік иесінің болашақта мүлік құқығын мемлекеттік меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын сыйға тарту шарты бойынша ақшалай қаражатты аудару сыйға тарту шартында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.».