О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2011 года № 1223 «Об утверждении Правил рассмотрения обращений собственников (правообладателей) стратегических объектов, реабилитационных или банкротных управляющих об обременении либо отчуждении стратегического объекта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2011 года № 1223 «Об утверждении Правил рассмотрения обращений собственников (правообладателей) стратегических объектов, реабилитационных или банкротных управляющих об обременении либо отчуждении стратегического объекта»
- Атауы (қаз.)
- «Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 585
- Қабылданған күні
- 14.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 14.07.2023 183987_641785.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000585
- ЭКБ идентификаторы
- 183987
- Редакция идентификаторы
- 183987_641785
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:51
0
«Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иесі), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы не кепіл ұстаушы тиісті саланың уәкілетті органына Заңның 188-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінішті және тізбесі Заңның 188-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген құжаттарды жібереді.».