Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в области деятельности по монтажу, наладке и техническому обслуживанию средств охранной сигнализации, охранной деятельности, оборота гражданского и служебного оружия и патронов к нему, взрывчатых веществ, гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением и внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 марта 2011 года № 131 и Министра экономического развития

Бұйрық · № 359 · қабылданған 29.05.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2011-no-131-11-2011-no-101-ekb-73947/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в области деятельности по монтажу, наладке и техническому обслуживанию средств охранной сигнализации, охранной деятельности, оборота гражданского и служебного оружия и патронов к нему, взрывчатых веществ, гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением и внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 марта 2011 года № 131 и Министра экономического развития Күшін жойған Бұйрық ·№ 359 ·29.05.2013
23.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в области деятельности по монтажу, наладке и техническому обслуживанию средств охранной сигнализации, охранной деятельности, оборота гражданского и служебного оружия и патронов к нему, взрывчатых веществ, гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением и внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 марта 2011 года № 131 и Министра экономического развития

Күшін жойған Бұйрық ·№ 359 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в области деятельности по монтажу, наладке и техническому обслуживанию средств охранной сигнализации, охранной деятельности, оборота гражданского и служебного оружия и патронов к нему, взрывчатых веществ, гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением и внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 марта 2011 года № 131 и Министра экономического развития
Атауы (қаз.)
"Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету, күзет қызметі, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы және "Жеке кәсіпкерлік саласында құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, рет
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
359
Қабылданған күні
29.05.2013
Көрсетілген редакция
23.06.2015 AI73947_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008592
ЭКБ идентификаторы
73947
Редакция идентификаторы
AI73947_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:01

0

"Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету, күзет қызметі, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы және "Жеке кәсіпкерлік саласында құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, күзет қызметі субъектілерін, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған, жарылғыш және улы заттарды қолданатын, сақтайтын жеке және заңды тұлғалардың, түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-көшіргіш техниканың, сондай-ақ штемпельдік-гравюралық кәсіпорындардың қызметін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 131 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 101 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының «Күзет қызметі туралы» және «Лицензиялау туралы» заңдарына сәйкес келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың рұқсат беру құжаттарын қысқарту және бақылау және қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен оларға енгізілген түзетулерді ескере отырып, БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. Қоса беріліп отырған күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету, күзет қызметі, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

2

2. «Жеке кәсіпкерлік саласында құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, күзет қызметі субъектілерін, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған, жарылғыш және улы заттарды қолданатын, сақтайтын жеке және заңды тұлғалардың, түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-көшіргіш техниканың, сондай-ақ штемпельдік-гравюралық кәсіпорындардың қызметін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 131 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 101 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6917 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 7 маусымда № 179 (26600) жарияланған) (бұдан әрі – бірлескен бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету, күзет қызметі, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы бойынша қызметіне жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы»;
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;»;
6), 7) және 8) тармақшалар алынып тасталсын;
бірлескен бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
бірлескен бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
бірлескен бұйрыққа 6, 7 және 8-қосымшалар алынып тасталсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы (И.В. Лепеха):

1 1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты зерделеуді және талаптарының орындалуын ұйымдастырсын.

5

5. «Жеке кәсіпкерлік саласында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметінің, жарылғыш және улы заттарды қолдану мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуының, күзет қызметі, түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-көшіргіш техниканың, сондай-ақ штемпельдік-гравюралық кәсіпорындардың қызметінің және құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 132 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 100 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6916 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 7 маусымда № 179 (26600) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

7 7. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі Премьер-Министрінің Бірінші
_____________ Қ. Қасымов орынбасары – Қазақстан
Республикасының Өңірлік даму
министрі
_______________Б. Сағынтаев
2013 жылғы 29 мамыр 2013 жылғы «_____»________

0 Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету, күзет қызметі, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 29 мамырдағы № 359
және Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің Бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 27 маусымдағы № 113/НҚ
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету, күзет қызметі, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету, күзет қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін әзірленді.

2 2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) тәуекел – адамдардың өмірі мен денсаулығына, меншікке және қоршаған ортаға зиян келтіру, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздіктің, оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып:

заңсыз әскерилендірілген құрылымдар немесе қылмыстық ұйымдар құру, шетелдік қатысумен күзет құрылымдарының жұмыс істеуі, еліміздегі жағдайды тұрақсыздандыру, құқыққа қарсы әрекеттер жасау үшін күзет ұйымдарын пайдалану;
қару-жарақтың, арнайы құралдар мен жарылғыш заттардың заңсыз айналымға өтуі, оларды құқыққа қарсы мақсаттарда, оның ішінде терроризм актілерін жасау кезінде пайдалану;

2

2) тексерілетін субъектілер – күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті, күзет қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалар.

3 3. Жоспарлы тексерістер жүргізу тәуекел дәрежесіне байланысты:

жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;
орташа тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен;
төмен тәуекел дәрежесі кезінде – бес жылда бір реттен жиі емес кезеңділікпен белгіленеді.

4 4. Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері 2 түрге бөлінеді:

1 1) объективтік – тексерілетін субъектілер қызметін жүзеге асыру кезіндегі ықтимал тәуекелдің маңыздылығына негізделген;

2 2) субъективтік – тексерілетін субъектілер белгіленген талаптарды бұзуға жол беруіне қарай белгіленеді.

Субъективтік критерийлер елеулі және елеусіз бұзушылықтардан тұрады.

5 5. Тексерілетін субъектілерді бастапқыда тәуекел дәрежелері бойынша жатқызу тәуекел дәрежесін бағалаудың объективтік критерийлері негізінде ғана жүзеге асырылады.

6 6. Тексерілетін субъектілерді екінші рет тәуекел дәрежесі бойынша жатқызу субъективтік критерийлерді ескере отырып жүзеге асырылады.

Елеусіз тәуекел дәрежесінің 3-тобына кіретін тексерілетін субъектілер тексерілетін кезең ішінде бір немесе екі елеулі немесе екі және одан да көп елеусіз бұзушылық жасаған жағдайда орташа тәуекел дәрежесінің 2-тобына, ал үш және одан көп елеулі бұзушылық жасаған жағдайда жоғары тәуекел дәрежесінің 1-тобына ауыстырылады.
Орташа тәуекел дәрежесінің 2-тобына кіретін тексерілетін субъектілер тексерілетін кезең ішінде бір және одан көп елеулі немесе екі және одан да көп елеусіз заң бұзушылық жасаған жағдайда жоғары тәуекел дәрежесінің 1-тобына ауыстырылады.
Соңғы тексеріс бұзушылықтарды анықтамаған жағдайда тексерілетін субъектілер дәрежесі аз тәуекел тобына ауыстырылады.
Объективтік критерий бойынша жоғары тәуекел дәрежесінің 1-тобына жатқызылған тексерілетін субъектілер аса төмен тәуекел тобына ауыстырылмайды және жыл сайын тексеруге жатады.

7 7. 2 және 3-тәуекел топтарына жатқызылған тексерілетін субъектілер тексеріс жоспарларына соңғы тексерістің күнін ескере отырып енгізіледі.

2 2. Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті және күзет қызметі саласында жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

8 8. Объективтiк критерийлерге мыналар жатады:

тәуекел дәрежесi жоғары 1-топқа – күзет қызметiн қызметтiк және азаматтық қаруды пайдалана отырып жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
тәуекел дәрежесi орташа 2-топқа – күзет қызметiн қызметтiк және азаматтық қаруды пайдаланбай жүзеге асыратын, сондай-ақ күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметпен айналысатын соңғы үш жылда бұзушылыққа жол берген заңды және жеке тұлғалар;
тәуекел дәрежесi елеусiз 3-топқа – күзет қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметпен айналысатын 1 және 2-топтарға енгiзiлмеген заңды және жеке тұлғалар.

9 9. Елеулi бұзушылықтарға мыналар жатады:

1 1) күзет құрылымдарының қызметiнде шетел қатысуының болуы;

2 2) күзет құрылымы басшысында не болмаса күзетшiде психикалық аурудың, маскүнемдіктің, нашақорлықтың болуы;

3 3) күзет құрылымы басшысының не болмаса күзетшiнiң қылмыс жасағаны үшiн соттылығының болуы;

4 4) күзет құрылымы басшының жоғары заңгерлiк бiлiмi немесе Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарда басшылық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдарда басшы лауазымдарда кемiнде үш жыл жұмыс өтiлiнiң болмауы;

5 5) күзет құрылымдарының басшысының не болмаса күзетшiнiң арнайы даярлық курстарынан өткенi туралы куәлiгiнiң болмауы;

6 6) қызметтiк қару пайдаланған жағдайда қару-жарақ пен оқ-дәрiлердi сақтауға арналған үй-жайдың (не болмаса белгiленген талаптарға жауап беретiн үй-жайларда оларды сақтауға келiсiмшарттың) болмауы;

7 7) күзет құрылымдарының басшылары мен күзетшiлерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қылмыс жасауы;

8 8) объектiлердi күзету кезiнде күзетшiлердiң штаттық санының белгiленген нормативін бұзу;

9 9) күзет құрылымы басшысының не болмаса күзетшінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы;

10

10) күзет құрылымы басшысының не болмаса күзетшінің жеке меншiкке, мемлекеттiк билiк институттарына, басқарудың белгiленген тәртiбiне, қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке қол сұғатын қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылуы;

11 11) күзет құрылымы басшысының не болмаса күзетшінің мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептер бойынша үш жыл бұрын босатылуы;

12 12) күзет құрылымы басшысының не болмаса күзетшінің жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептер бойынша үш жыл бұрын босатылуы;

13 13) күзет құрылымы басшысында не болмаса күзетшіде Қазақстан Республикасының азаматтығының болмауы;

14 14) заңды тұлғаның күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жүргізетін маманында, жеке тұлғада жұмыс саласына сәйкес келетiн жоғары немесе орта техникалық бiлiмiнің болмауы;

15

15) күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын субъектінің күзет сигнализациясы құралдарын ретке келтiрудi, оларға техникалық қызмет көрсетудi және монтаждалатын жабдықтың техникалық жай-күйiн тексерудi жүзеге асыруға арналған құрал-жабдығы бар үй-жайының (немесе оны жалға алу келiсiмшарты) болмауы;

16 16) күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның басшысында, қызметкерінде, жеке тұлғада Қазақстан Республикасының азаматтығының болмауы;

17 17) күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның басшысында, қызметкерінде, жеке тұлғада психикалық ауруының болуы;

18 18) күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның басшысында, қызметкерінде, жеке тұлғада заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы;

19

19) күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның басшысы, қызметкері, жеке тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы;

20 20) бір немесе одан да көп күзетшінің жеке басын және оның жеке күзет ұйымына тиесілігін куәландыратын құжаттың болмауы.

10 10. Елеусiз бұзушылықтарға мыналар жатады:

1 1) iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ұйғарымын және басқа да заңды талаптарын орындамау;

2 2) күзет құрылымы басшысының не болмаса күзетшiнiң бiлiктiлiктi арттыру курстарынан (оқытудың арнайы курсы) уақтылы өтпеуi;

3 3) тексерілетін субъектiнiң қызмет көрсету туралы келiсiмшарт жасасудың жазбаша нысанын сақтамауы;

4 4) күзетшiнiң жас ерекшелiгiнiң сәйкес келмеуi;

5 5) күзетшi лауазымын атқаратын қызметкерлердiң мiндеттi сақтандырылуы туралы талаптардың сақталмауы;

6 6) күзетшілердің қызметтiк мiндетiн орындау кезiнде белгiленбеген үлгiдегi арнайы киiм киюi;

7 7) күзетшінің жеке басын және оның жеке күзет ұйымына тиесілігін куәландыратын құжаттың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3 3. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

11

11. Тексерілетін субъектілер объективтік критерийлері бойынша жоғары дәрежелі тәуекел тобына жатады (қару-жарақ пен жарылғыш заттарды пайдаланатын және сақтайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтайтын және пайдаланатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер).

12 12. Елеулі бұзушылықтарға мыналар жатады:

1 1) қару-жарақты, жарылғыш заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға рұқсаттың болмауы;

2 2) қару-жарақты, жарылғыш заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға рұқсаттың болмауы;

3 3) тексерілетін субъектілер қызметкерлерінде қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге жеке рұқсаттың болмауы;

4 4) қызметтік қаруды мақсатынан тыс пайдалану;

5 5) қару-жарақты белгіленбеген жерде сақтау;

6 6) қару-жарақтың, жарылғыш заттардың, азаматтық пиротехникалық бұйымдардың ұрлануы немесе жоғалуы фактілеріне жол беру;

7 7) қару-жараққа, жарылғыш заттарға, азаматтық пиротехникалық бұйымдарға есеп жүргізу тәртібін бұзу;

8 8) қару-жарақты, жарылғыш заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға арналған үй-жайларда өрт-күзет сигнализациясының болмауы не ақауының болуы;

9 9) қару-жарақты, жарылғыш заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға арналған үй-жайлардың техникалық нығайтылуын бұзу;

10 10) республика аумағына iшкi iстер органдарының қорытындысынсыз (рұқсат құжаты) қару-жарақты әкелу (әкету);

11 11) дүкендер сататын қару мен оның патрондарына сәйкестiк сертификатының болмауы;

12 12) қару-жараққа, жарылғыш заттарға, азаматтық пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар адамдардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi.

13 13. Елеусiз заң бұзушылықтарға мыналар жатады:

1 1) сатып алынған қару-жарақты тiркеу мерзiмдерiн сақтамау;

2 2) тексерілетін субъектiлер филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) қару-жарақты балансқа алу кезiнде оны уақтылы тiркемеуi;

3 3) қару-жарақты, жарылғыш заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға рұқсаттарды уақтылы ұзартпау;

4 4) тексерілетін субъектілері қызметкерлерiнiң қызметтiк қаруды сақтауға және алып жүруге жеке рұқсаттарды уақтылы ұзартпауы;

5 5) келiп түскен және сатылған қару-жарақтың саны туралы есептi ұсынбау не уақтылы ұсынбау;

6 6) жарылғыш заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтайтын қоймаларда рұқсат етiлетiн нормадан асып кету.

1 Жеке кәсiпкерлiк саласында күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 29 мамырдағы № 359
және Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің Бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 27 маусымдағы № 113/НҚ
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 28 наурыздағы № 131
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің
2011 жылғы 11 сәуірдегі № 101
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Жеке кәсiпкерлiк саласында күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi тексеру парағы
Органның атауы ______________________________________________________
Тексерiс белгiлеу туралы актi _______________________________________
                                         (күнi, №)
Объект ______________________________________________________________
                               (заңды тұлға/жеке кәсiпкер)
_____________________________________________________________________
                                  (мекенжайы, телефоны)
БСН _________________________________________________________________
ЖСН _________________________________________________________________
Тексерiске қатысушы адамдар:
Жауапты адам (басшы немесе оның сенiм бiлдiрген қызметкерi) _________
_____________________________________________________________________
                    (лауазымы, Тегі, Аты бар болса Әкесінің аты)
IIО-ның қызметкері __________________________________________________
                    (лауазымы, Тегі, Аты бар болса Әкесінің аты)

Тек­серiс ба­ры­сын­да қам­ты­ла­тын мә­се­ле­лер
Түсiнiк­те­ме
Иә
Жоқ
ҚЕ/Қ
Заң­ды тұ­лға­лар үшiн
1.*
Кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы құ­рал­да­рын мон­таж­дау, рет­ке кел­ті­ру және олар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі жұ­мысты жүр­гі­зе­тін ма­ман­ның жұ­мыс са­ла­сы­на сәй­кес ке­летiн жо­ға­ры неме­се ор­та тех­ни­ка­лық бiлi­мi бар
2.*
Субъ­ек­ті­нің кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы құ­рал­да­рын рет­ке кел­тiрудi, олар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­тудi және мон­таж­да­ла­тын құ­рал-жаб­дық­тың тех­ни­ка­лық жай-күй­iн тек­се­рудi жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған құ­рал-жабды­ғы бар үй-жайы (неме­се оны жал­ға алу келiсiм­шар­ты) бар
3.*
Субъ­ект бас­шы­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты бо­лып та­бы­ла­ды
4.*
Субъ­ект бас­шы­сы ден­са­улық сақ­тау ор­ган­да­рын­да пси­хи­ка­лық ау­ру бой­ын­ша есеп­те тұр­ған жоқ
5.*
Субъ­ек­ті бас­шы­сы­ның за­ң­мен бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те өтел­ме­ген неме­се алын­ба­ған сот­ты­лы­ғы жоқ
6.*
Субъ­ект бас­шы­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық ко­дексiнiң Ерекше бөлi­гiн­де­гi бап­тың тиiстi бөлi­гiн­де көз­дел­ген бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру түрiн­де­гi жа­за­ның тө­мен­гi ше­гiн­де­гi мерзiм өт­кен­ге дей­iн ақ­тал­май­тын негiз­дер бой­ын­ша қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік­тен боса­тыл­ма­ған
7.*
Субъ­ект қыз­мет­кер­ле­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты бо­лып та­бы­ла­ды
8.*
Субъ­ект қыз­мет­кер­ле­рі ден­са­улық сақ­тау ор­ган­да­рын­да пси­хи­ка­лық ау­ру бой­ын­ша есеп­те тұр­ған жоқ
9.*
Субъ­ект қыз­мет­кер­ле­рі­нің бел­гі­лен­ген заң­ды тәр­тіп­те өтел­ме­ген неме­се алын­ба­ған сот­ты­лы­ғы жоқ
10.*
Субъ­ект қыз­мет­кер­ле­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық ко­дексiнiң Ерекше бөлi­гiн­де­гi бап­тың тиiстi бөлi­гiн­де көз­дел­ген бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру түрiн­де­гi жа­за­ның тө­мен­гi ше­гiн­де­гi мерзiм өт­кен­ге дей­iн ақ­тал­май­тын негiз­дер бой­ын­ша қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік­тен боса­тыл­ма­ған
Же­ке тұ­лға­лар үшiн
11.*
Же­ке тұл­ға­ның жұ­мыс са­ла­сы­на сәй­кес ке­летiн жо­ғар­ғы неме­се ор­та тех­ни­ка­лық бiлi­мi бар
12.*
Же­ке тұл­ға­ның кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы құ­рал­да­рын рет­ке кел­тiрудi, олар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­тудi және мон­таж­да­ла­тын құ­рал-жаб­дық­тың тех­ни­ка­лық жай-күй­iн тек­се­рудi жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған құ­рал-жабды­ғы бар үй-жайы (неме­се оны жал­ға алу келiсiм­шар­ты) бар
13*
Же­ке тұл­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты бо­лып та­бы­ла­ды
14*
Же­ке тұл­ға ден­са­улық сақ­тау ор­ган­да­рын­да пси­хи­ка­лық ау­ру бой­ын­ша есеп­те тұр­ған жоқ
15.*
Же­ке тұл­ға­ның за­ң­мен бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те өтел­ме­ген неме­се алын­ба­ған сот­ты­лы­ғы жоқ
16.*
Же­ке тұл­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық ко­дексiнiң Ерекше бөлi­гiн­де­гi бап­тың тиiстi бөлi­гiн­де көз­дел­ген бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру түрiн­де­гi жа­за­ның тө­мен­гi ше­гiн­де­гi мерзiм өт­кен­ге дей­iн ақ­тал­май­тын негiз­дер бой­ын­ша қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік­тен боса­тыл­ма­ған
Ескертпе:         Пайдаланылған белгілердің мағынасы
                  * – елеулі заң бұзушылықтар;
                  ИӘ – иә, бар, сәйкес келеді, қанағаттанарлық;
                  ЖОҚ – жоқ, болмаған, сәйкес келмейді,
                  қанағаттанарлықсыз;
                  ҚЕ/Қ – қажет емес/қарастырылмаған;
                  ІІО – ішкі істер органдары;
                  7.*-10.*-тармақтарда «қызметкерлер» деген сөз күзет
                  қызметі сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке
                  келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету
                  жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын мамандар деп
                  түсініледі

2 Жеке кәсіпкерлік саласында күзет қызметін тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 29 мамырдағы № 359
және Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің Бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 27 маусымдағы № 113/НҚ
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 28 наурыздағы № 131
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің
2011 жылғы 11 сәуірдегі № 101
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Жеке кәсіпкерлік саласында күзет қызметін тексеру парағы
Органның атауы ______________________________________________________
Тексерiс белгiлеу туралы актi _______________________________________
                                         (күнi, №)
Объект ______________________________________________________________
                               (заңды тұлға/жеке кәсiпкер)
_____________________________________________________________________
                                  (мекенжайы, телефоны)
БСН _________________________________________________________________
ЖСН _________________________________________________________________
Тексерiске қатысушы адамдар:
Жауапты адам (басшы немесе оның сенiм бiлдiрген қызметкерi) _________
_____________________________________________________________________
                    (лауазымы, Тегі, Аты бар болса Әкесінің аты)
IIО-ның қызметкері __________________________________________________
                    (лауазымы, Тегі, Аты бар болса Әкесінің аты)

Тек­серiс ба­ры­сын­да қам­ты­ла­тын мә­се­ле­лер
Түсiнiк­те­ме
Иә
Жоқ
ҚЕ/Қ
1.*
Субъ­ект бас­шы­сы­ның жо­ға­ры заң­гер­лiк бiлi­мi неме­се Қа­ру­лы Кү­ш­тер­де, бас­қа да әс­кер­лер мен әс­ке­ри құ­ры­лым­дар­да бас­шы­лық ла­у­а­зым­дар­да неме­се құқық қор­ғау және ар­найы ор­ган­дар­да бас­шы ла­у­а­зым­дар­да ке­мiн­де үш жыл жұ­мыс өтiлi бар
2.*
Субъ­ект бас­шы­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты бо­лып та­бы­ла­ды
3.*
Субъ­ект бас­шы­сын­да ар­найы бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша да­яр­лық­тан өт­кен­ді­гі ту­ра­лы ку­ә­лік­тің бо­луы
4.*
Субъ­ект бас­шы­сын­да ар­найы бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша бiлiк­тiлiк­тi арт­ты­ру кур­ста­ры­нан өт­кен­ді­гі ту­ра­лы ку­ә­лік­тің бо­луы
5.*
Субъ­ект бас­шы­сы ден­са­улық сақ­тау ор­ган­да­рын­да пси­хи­ка­лық ау­ру, мас­кү­нем­дiк неме­се на­ша­қор­лық бой­ын­ша есеп­те тұр­ған жоқ
6.*
Субъ­ект бас­шы­сы­ның қыл­мыс жа­са­ға­ны үшiн сот­ты­лы­ғы жоқ
7.*
Субъ­ект бас­шы­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық ко­дексiнiң Ерекше бөлi­гiн­де­гi бап­тың тиiстi бөлi­гiн­де көз­дел­ген бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру түрiн­де­гi жа­за­ның тө­мен­гi ше­гiн­де­гi мерзiм өт­кен­ге дей­iн ақ­тал­май­тын негiз­дер бой­ын­ша қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік­тен боса­тыл­ма­ған
8.*
Субъ­ект бас­шы­сы же­ке мен­шiк­ке, мем­ле­кет­тiк би­лiк ин­сти­тут­та­ры­на, бел­гi­лен­ген бас­қа­ру тәр­тiбiне, қо­ғам­дық тәр­тiп­ке және адам­гер­шiлiк­ке қол сұ­ға­тын қа­са­қа­на әкiм­шiлiк құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ға­ны үшiн бұ­рын жұ­мысқа қа­был­дан­ған­ға дей­iн бiр жыл iшiн­де әкiм­шiлiк жа­у­ап­кер­шiлiк­ке тар­тыл­ма­ған
9.*
Субъ­ект бас­шы­сы мем­ле­кет­тiк, әс­ке­ри қыз­мет­тен, құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­нан, сот­тар­дан және әдiлет ор­ган­да­ры­нан жа­ғым­сыз се­беп­тер­мен үш жыл бұ­рын боса­тыл­ма­ған
10.*
Субъ­ект бас­шы­сы же­ке кү­зет ұй­ы­мы­ның кү­зет­ші­сі ла­у­а­зы­мы­нан жа­ғым­сыз се­беп­тер­мен үш жыл бұ­рын боса­тыл­ма­ған
11.*
Кү­зет­шiлер ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын субъ­ект қыз­мет­кер­лерi Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты бо­лып та­бы­ла­ды
12.*
Кү­зет­шiлер ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын субъ­ект қыз­мет­кер­лерiнiң жа­сы 19-дан тө­мен емес
13.*
Кү­зет­шiлер ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын субъ­ект қыз­мет­кер­лерiн­де ар­найы бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша да­яр­лық­тан өт­кен­ді­гі ту­ра­лы ку­ә­лік­тің бо­луы
14.*
Кү­зет­шiлер ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын субъ­ект қыз­мет­кер­лерiн­де ар­найы бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша бiлiк­тiлi­гiн арт­ты­ру кур­сы­нан өт­кен­ді­гі ту­ра­лы ку­ә­лік­тің бо­луы
15.*
Кү­зет­шiлер ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын субъ­ект қыз­мет­кер­лерiнiң қыл­мыс жа­са­ға­ны үшiн сот­ты­лы­ғы жоқ
16.*
Кү­зет­шiлер ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын субъ­ект қыз­мет­кер­лерi ден­са­улық жағ­дайы бой­ын­ша кү­зет қыз­метi­мен ай­на­лы­су­ға жа­рам­ды (көздiң на­шар кө­руiне, пси­хи­ка­лық ау­руы­на, мас­кү­нем­дiк­ке неме­се на­ша­қор­лық­қа бай­ла­ны­сты қа­ру­ды қол­да­ну­ға қар­сы көр­сетiм­дер жоқ)
17.*
Субъ­ект қыз­мет­тiк және аза­мат­тық қа­ру пай­да­лан­ған жағ­дай­да қа­ру мен оқ-дәрiлер­дi сақ­та­у­ға ар­нал­ған үй-жай­ла­ры (не бел­гi­лен­ген та­лап­тар­ға жа­у­ап бе­ретiн үй-жай­лар­да олар­ды сақ­та­у­ға келiсiм-шарт) бар
18.*
Кү­зет­шiлер ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын субъ­ект қыз­мет­кер­лерi Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық ко­дексiнiң Ерекше бөлi­гiн­де­гi бап­тың тиiстi бөлi­гiн­де көз­дел­ген бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру түрiн­де­гi жа­за­ның тө­мен­гi ше­гiн­де­гi мерзiм өт­кен­ге дей­iн ақ­тал­май­тын негiз­дер бой­ын­ша қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық­тан боса­тыл­ма­ған
19.*
Кү­зет­шiлер ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын субъ­ект қыз­мет­кер­лерi же­ке мен­шiк­ке, мем­ле­кет­тiк би­лiк ин­сти­тут­та­ры­на, бел­гi­лен­ген бас­қа­ру тәр­тiбiне, қо­ғам­дық тәр­тiп­ке және адам­гер­шiлiк­ке қол сұ­ға­тын қа­са­қа­на әкiм­шiлiк құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ға­ны үшiн бұ­рын жұ­мысқа қа­был­дан­ған­ға дей­iн бiр жыл iшiн­де әкiм­шiлiк жа­у­ап­кер­шiлiк­ке тар­тыл­ма­ған
20.*
Кү­зет­шiлер ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын субъ­ект қыз­мет­кер­лерi мем­ле­кет­тiк, әс­ке­ри қыз­мет­тен, құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­нан, сот­тар­дан және әдiлет ор­ган­да­ры­нан жа­ғым­сыз се­беп­тер­мен үш жыл бұ­рын боса­тыл­ма­ған
21.*
Кү­зет­шiлер ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын субъ­ект қыз­мет­кер­лерi же­ке кү­зет ұй­ы­мы­ның кү­зет­ші­сі ла­у­а­зы­мы­нан жа­ғым­сыз се­беп­тер­мен үш жыл бұ­рын боса­тыл­ма­ған
22.*
Кү­зет­шiлер ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын субъ­ект қыз­мет­кер­лерi же­ке ба­сын және олар­дың же­ке кү­зет ұй­ы­мы­на ти­е­сі­лі­гін ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген
23.
Кү­зет­ші­лер­дің же­ке ба­сын және олар­дың же­ке кү­зет ұй­ы­мы­на ти­е­сі­лі­гін ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
24.
Субъ­ект кү­зет қыз­мет­терiн көр­се­ту ту­ра­лы келiсiм­шарт жа­са­су­дың жа­з­ба­ша ны­са­нын сақ­тай­ды
25.
Субъ­ект кү­зет­шiлер ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын қыз­мет­кер­лер­дi мiн­дет­тi сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы та­лап­тар­ды сақ­тай­ды
26.*
Субъ­ект кү­зет­шiлерiнiң штат­тың са­ны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкi­метi бел­гiле­ген нор­ма­тив­ке сәй­кес ке­ледi
27.*
Субъ­ект кү­зет­шiлерi қыз­мет­тiк мiн­дет­терiн орын­дау кезiн­де қыл­мыс жа­са­у­ға жол бер­ме­ген
28.
Субъ­ект кү­зет­шiлерi жұ­мыстан тыс қа­са­қа­на қыл­мыстар жа­са­у­ға жол бер­ме­ген
29.
Субъ­ект кү­зет­шiлер­дiң ар­найы киiм ки­юi бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тай­ды
30.*
Ұлт­тық ком­па­ни­я­ның кү­зет ұй­ы­мы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да кү­зет қыз­ме­тін ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де уәкі­лет­ті ор­ган­мен ке­ліс­кен
31.*
Субъ­ек­ті­нің құ­ры­л­тай­шы­сы, қа­ты­су­шы­сы және (неме­се) мен­шік ие­сі кү­зет қыз­ме­ті­мен ай­на­лы­са­тын бас­қа ұй­ым­ның құ­ры­л­тай­шы­сы, қа­ты­су­шы­сы және (неме­се) мен­шік ие­сі бо­лып та­был­май­ды
32.*
Субъ­ект кү­зет­тен бас­қа өзге қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­ның ен­ші­лес кә­сі­пор­ны бо­лып та­был­май­ды. Субъ­ек­ті­нің құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы) үшін қыз­мет­тің осы тү­рі – негіз­гі
33.*
Субъ­ек­ті­нің құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы) өздерiне қа­ты­сты кү­зет қыз­мет­терiн көр­се­тетiн ұй­ым­дар­дың құ­ры­л­тай­шы­ла­ры не бол­ма­са ла­у­а­зым­ды адам­да­ры бо­лып та­был­май­ды
34.*
Субъ­ек­ті­нің құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы) адам­дар­дың жа­қын туы­сы (ата-ана­ла­ры, ба­ла­ла­ры, асы­рап алушы­ла­ры, асы­рап алын­ған ба­ла­ла­ры, бiр әке, бiр ше­ше­ден ту­ған және әкесi неме­се ше­ше­сi бө­лек аға-iнiлерi мен апа-қа­рын­даста­ры (сiң­лiлерi), ата­сы, әже­сi, неме­ре­лерi), неке­де тұр­ған ада­мы, сон­дай-ақ жек­жа­ты ата-ана­ла­ры, ба­ла­ла­ры, асы­рап алушы­ла­ры, асы­рап алын­ған ба­ла­ла­ры, бiр әке, бiр ше­ше­ден ту­ған және әкесi неме­се ше­ше­сi бө­лек аға-iнiлерi мен апа-қа­рын­даста­ры (сiң­лiлерi), ата­сы, әже­сi, неме­ре­лерi) бо­лып ке­летiн өздерiне қа­ты­сты кү­зет қыз­мет­терiн көр­се­тетiн же­ке тұ­лға­лар бо­лып та­был­май­ды
35.*
Субъ­ек­ті­нің құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы) қыл­мыс жа­са­ға­ны үшiн сот­ты­лы­ғы бар аза­мат­тар, сон­дай-ақ құ­ры­л­тай­шы­лар­дың (қа­ты­су­шы­лар­дың) құ­ра­мын­да көр­сетiл­ген адам­дар бар заң­ды тұ­лға­лар бо­лып та­был­май­ды
36.*
Субъ­ек­ті­нің құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы) өздерiне қа­ты­сты кү­зет қыз­мет­терiн көр­се­тетiн заң­ды тұ­лға­лар және со­лар­мен аф­фи­ли­ир­лен­ген заң­ды тұ­лға­лар бо­лып та­был­май­ды
37.*
Субъ­ек­ті құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы) қо­ғам­дық бір­ле­стік бо­лып та­был­май­ды
Ескертпе:         Пайдаланылған белгiлердiң мағынасы
                  * – елеулi заң бұзушылықтар;
                  ИӘ – иә, бар, сәйкес келедi, қанағаттанарлық
                  ЖОҚ – жоқ, болмаған, сәйкес келмейдi,
                  қанағаттанарлықсыз;
                  ҚЕ/Қ – қажет емес/қарастырылмаған;
                  IIО – iшкi iстер органдары.

Қолданыстағы