О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 28 января 2011 года № 17 "Об утверждении положения о Центральной комиссии по разведке и разработке полезных ископаемых
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 28 января 2011 года № 17 "Об утверждении положения о Центральной комиссии по разведке и разработке полезных ископаемых
- Атауы (қаз.)
- "Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 257
- Қабылданған күні
- 26.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2018 74625_333182.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008735
- ЭКБ идентификаторы
- 74625
- Редакция идентификаторы
- 74625_333182
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:25
0 "Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 21-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 17 бұйрығына (№ 6784 нормативтік құқықтық акт Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 29 наурызда № 107-108 (26528-26529) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. БИОК құрамын Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бірінші басшысы бекітеді. БИОК құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ тау-кен өндіру мен қайта өңдеу салаларының мамандары кіреді.».
2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (Т.С. Тоқтабаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.