Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 октября 2011 года № 172 «Об установлении требований к оригинатору, за исключением уполномоченного органа по управлению государственным имуществом»

Қаулы · № 15 · қабылданған 31.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2011-no-172/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 октября 2011 года № 172 «Об установлении требований к оригинатору, за исключением уполномоченного органа по управлению государственным имуществом» Қолданыста Қаулы ·№ 15 ·31.01.2019
31.01.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 октября 2011 года № 172 «Об установлении требований к оригинатору, за исключением уполномоченного органа по управлению государственным имуществом»

Қолданыста Қаулы ·№ 15 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 октября 2011 года № 172 «Об установлении требований к оригинатору, за исключением уполномоченного органа по управлению государственным имуществом»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, оригинаторға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 28 қазандағы № 172 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
15
Қабылданған күні
31.01.2019
Көрсетілген редакция
31.01.2019 129145_390424.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018296
ЭКБ идентификаторы
129145
Редакция идентификаторы
129145_390424
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:14

0 «Мемлекеттік мүлікті басқару

жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, оригинаторға
қойылатын талаптарды белгілеу туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының 2011 жылғы 28 қазандағы
№ 172 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, оригинаторға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 28 қазандағы № 172 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7337 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде № 152-156 (27229) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) оригинатор левереджінің көлемі аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі жағдай бойынша қаржылық есептілік негізінде есептелетін 7 (жеті) левереджден аспауға тиіс. Осы тармақшаның талабы қаржы ұйымдарына қолданылмайды;»;
4) тармақша алып тасталсын.

2 2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті

(Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және

3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы