О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 апреля 2011 года № 232 "Об утверждении формы регистрационного свидетельства о регистрации нерезидента в качестве налогоплательщика"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 апреля 2011 года № 232 "Об утверждении формы регистрационного свидетельства о регистрации нерезидента в качестве налогоплательщика"
- Атауы (қаз.)
- "Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлігінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 232 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 391
- Қабылданған күні
- 25.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2018 105716_299832.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014136
- ЭКБ идентификаторы
- 105716
- Редакция идентификаторы
- 105716_299832
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:16
0 «Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 232 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2011 жылғы 28 сәуірдегі № 232 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6980 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 23 маусымда № 88 (1904) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың такырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлігінің нысанын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлігінің нысанын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап онкүнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2016 жылғы 25 шілдедегі № 391
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 28 сәуірдегі №232
бұйрығымен бекітілген