О внесении изменений в решение от 28 декабря 2011 года № 24 «О наименовании составных частей Кенестуского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение от 28 декабря 2011 года № 24 «О наименовании составных частей Кенестуского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- «Кеңестуы селолық округінің құрамды бөліктерін атау туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 14
- Қабылданған күні
- 13.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2016 105218_Some(104003).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CJF05025
- ЭКБ идентификаторы
- 105218
- Редакция идентификаторы
- 105218_Some(104003)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:23
0 «Кеңестуы селолық округінің құрамды бөліктерін атау туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Кеңестуы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Кеңестуы селолық округі әкімінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 24 «Кеңестуы селолық округінің құрамды бөліктерін атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-157 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 ақпанда аудандық «Темір» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөздері «ауылдық» сөздерімен ауыстырылсын.