О внесении изменений в решение районного маслихата от 28 марта 2011 года № 276 "Об определении мер социальной поддержки специалистов здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта на 2011 год по Каргалинскому району"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 28 марта 2011 года № 276 "Об определении мер социальной поддержки специалистов здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта на 2011 год по Каргалинскому району"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 28 наурыздағы № 276 "Қарғалы ауданы бойынша 2011 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 295
- Қабылданған күні
- 26.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2012 60150_202399.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11CF000125
- ЭКБ идентификаторы
- 60150
- Редакция идентификаторы
- 60150_202399
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:54
0 Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 28 наурыздағы № 276 "Қарғалы ауданы бойынша 2011 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандырына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың «Қарғалы ауданы бойынша 2011 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының мөлшерін белгілеу туралы» 2011 жылғы 28 наурыздағы № 276 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізіліміне 3-6-120 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 28 сәуірдегі аудандық «Қарғалы» газетінінің № 28-29 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 – тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын: «Тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін».