О внесении дополнений в решение Чингирлауского районного маслихата от 28 марта 2011 года № 37-2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Чингирлауского районного маслихата от 28 марта 2011 года № 37-2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы № 37-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2-4
- Қабылданған күні
- 16.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2013 65396_191044.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12ZM000154
- ЭКБ идентификаторы
- 65396
- Редакция идентификаторы
- 65396_191044
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:28
0 Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы № 37-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарын басшылыққа алып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы №37-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-138 тіркелген, 2011 жылғы 6 сәуірдегі аудандық № 14 "Серпін" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
1 1) 1-тармақ:
1) тармақшадағы:
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр стансасіндегi апаттың сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар - 10 000 (он мың) теңге;".