О внесении дополнения в решение Чингирлауского районного маслихата от 28 марта 2011 года № 37-2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Чингирлауского районного маслихата от 28 марта 2011 года № 37-2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы № 37-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5-2
- Қабылданған күні
- 17.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2013 67285_191023.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12ZM000159
- ЭКБ идентификаторы
- 67285
- Редакция идентификаторы
- 67285_191023
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:34
0 Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы № 37-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 28 наурыздағы № 37-2 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-138 тіркелген, 2011 жылғы 16 сәуірдегі аудандық "Серпін" № 14 газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
1 тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшасымен толықтырылсын:
"8) Ұлы Отан соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға, санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек ағымдағы жылға жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы көлемінде көрсетіледі.".