Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2011 года № 726 "Об установлении требований минимального состава экипажа судна"

Қаулы · № 388 · қабылданған 23.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2011-no-726/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2011 года № 726 "Об установлении требований минимального состава экипажа судна" Күшін жойған Қаулы ·№ 388 ·23.04.2014
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2011 года № 726 "Об установлении требований минимального состава экипажа судна"

Күшін жойған Қаулы ·№ 388 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2011 года № 726 "Об установлении требований минимального состава экипажа судна"
Атауы (қаз.)
"Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
388
Қабылданған күні
23.04.2014
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI79090_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000388
ЭКБ идентификаторы
79090
Редакция идентификаторы
AI79090_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:55

0 "Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 582-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Талаптар Қазақстан Республикасының Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде, бербоут-чартер тізілімінде және халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін кемелерге қолданылады.»;
3-тармақта:
5), 7) тармақшалар алынып тасталсын;
8), 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) палубалық команданың қатардағы құрамы;
9) машиналық команданың қатардағы құрамы.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кеме экипажының саны кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікте көрсетілгеннен кем болған кезде, мынадай мән-жайлардың бірінің болуын қоспағанда, кеменің теңізге шығуына жол берілмейді:
1) кеме экипажы мүшесінің қайтыс болуы;
2) кеме экипажы мүшесінің кемеден тыс емдеуді талап ететін ауруы немесе жарақаты;
3) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда кеме экипажы мүшесінің репатриациясы;
4) экипаж мүшесінің рейске шығуға объективті мүмкіндігінің болмауы (құқық қорғау органдарының ұстауы, хабар-ошарсыз жоғалып кетуі, кеменің рейске тағайындалған шығу уақытына қарай кемеге оралмауы, құжаттарды жоғалтуы).»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікте көрсетілгендердің қатарынан кеме экипажының бір мүшесі болмаған кезде осы Талаптардың 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар кезінде теңіз портының капитаны кемеге осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес ерекше жағдай туралы куәлік береді.
Ерекше жағдай туралы куәлікті алу үшін кеме капитаны кеменің рейске алғашқы тағайындалған шығу сәтінен кейін 4 сағат еткен соң кеме иесімен келісу бойынша теңіз портының капитанына мыналарды көрсетіп, еркін нысанда өтініш береді:
1) кеменің атауы, шақыру сигналы, жалпы сыйымдылығы, Халықаралық Теңіз Ұйымының (ІМО) нөмірі;
2) кеме экипажының келмей қалған мүшесінің лауазымы;
3) кеме экипажы мүшесінің келмей қалу себебі;
4) кеме экипажының келмей қалған мүшесінің лауазымдық міндеттерін кеме экипажының басқа мүшелері арасында қайта бөлу;
5) кеме экипажының келмей қалған мүшесін қоспағанда, кеме экипажы мүшелерінің саны;
6) кеменің порттан шығу күні;
7) кеменің алдағы рейсінің егжей-тегжейі.
Теңіз портының капитаны өтініш берілген сәттен бастап 20 сағаттан кешіктірмейтін мерзімде кеме капитанына ерекше жағдай туралы куәлікті береді.
Ерекше жағдай туралы куәлік берілген сәттен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге беріледі.
Кеме экипажының келмей қалған мүшесінің міндеттерін қайта бөлу экипаж мүшелерінің вахта қызметін атқаруының үздіксіздігін қамтамасыз ету және олардың тынығуының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген ең аз уақыты ескеріле отырып, жүргізіледі.»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұзындығы 75 метрден артық өздігінен жүзетін кемелердің немесе 75 метрден артық құрамның жұмысы кезінде кеменің (құрамның) алдыңғы немесе артқы жағында бір мезгілде арқандап байлауды (арқанды шешуді) қамтамасыз ететін қатардағы құрамның саны кемінде екі адамды құрайды.»;
көрсетілген Талаптарға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Талаптар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Кеме экипажының ең аз құрамының нормативтері

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 388 қаулысына
1-қосымша
Кеме экипажының ең аз
құрамына қойылатын
талаптарға
1-қосымша
Кеме экипажының ең аз құрамының нормативтері
Ке­ме эки­па­жы­ның ла­у­а­зым­дық құ­ра­мы
Жал­пы сый­ым­ды­лы­ғы 500 тір­ке­лім­дік тон­на­ға дей­ін
Жал­пы сый­ым­ды­лы­ғы 500-ден ар­тық 3000 тір­ке­лім­дік тон­на­ға дей­ін
Жал­пы сый­ым­ды­лы­ғы 3000 тір­ке­лім­дік тон­на­дан ар­тық
Порт­тық ке­ме­лер және сал­ма­ғы аз ке­ме­лер (200 тір­ке­лім­дік тон­на­дан аз)
Аut бел­гі­сі бар ке­ме­лер
Аut бел­гі­сі жоқ ке­ме­лер
Аut бел­гі­сі бар ке­ме­лер
Аut бел­гі­сі жоқ ке­ме­лер
Аut бел­гі­сі бар ке­ме­лер
Аut бел­гі­сі жоқ ке­ме­лер
Порт­та, рейдтік және 20 миль қа­шық­тық­та ор­на­лас­қан па­на­дан жа­ға­лау жү­зу
Жа­ға­ла­уда­ғы жү­зу
Жа­ға­ла­уда­ғы жү­зу
Жү­зу ауда­ны шек­тел­ме­ген
Жа­ға­ла­уда­ғы жү­зу
Жү­зу ауда­ны шек­тел­ме­ген
Жа­ға­ла­уда­ғы жү­зу
Жү­зу ауда­ны шек­тел­ме­ген
Жа­ға­ла­уда­ғы жү­зу
3 ауы­сым­дық
2 ауы­сым­дық
3 ауы­сым­дық
2 ауы­сым­дық
3 ауы­сым­дық
3 ауы­сым­дық
2 ауы­сым­дық
3 ауы­сым­дық
3 ауы­сым­дық
2 ауы­сым­дық
3 ауы­сым­дық
3 ауы­сым­дық
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Ка­пи­тан
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
Ка­пи­тан­ның аға кө­мек­ші­сі
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
-
Ка­пи­тан­ның вах­та­лық кө­мек­ші­сі
1
-
1
-
1
1
-
1
1
-
1
1
-
Аға ме­ха­ник
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
-
Вах­та ме­ха­ни­гі
1
-
1
-
1
1
1
2
2
1
1
2
1
Па­лу­ба­лық ко­ман­да­ның қа­тар­да­ғы құ­ра­мы
3
2
3
2
3
3
2
3
3
2
3
3
1
Ма­ши­на­лық ко­ман­да­ның қа­тар­да­ғы құ­ра­мы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
1
-
Бар­лы­ғы
8
5
8
5
8
8
6
9
9
6
8
10
3

2 Қазақстан Республикасы Ерекше жағдай туралы куәлік

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 388 қаулысына
2-қосымша
Кеме экипажының ең аз
құрамына қойылатын талаптарға
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Ерекше жағдай туралы куәлік
Кеме туралы мәліметтер
Кеменің атауы _______________________________________________________
Шақыру сигналы ______________________________________________________
Тіркеу порты ________________________________________________________
Жалпы сыйымдылығы ___________________________________________________
ІМО нөмірі __________________________________________________________
Порт және кету күні _________________________________________________
Межелі порты және болжамды келу күні ________________________________
Осымен кеменің төменде санамаланған мән-жайларды және
қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын назарға ала отырып, бортында
кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікте белгіленгеннен аз
экипажбен рейс жасауы үшін порттан кету құқығы куәландырылады:
Ерекше жағдай туралы куәлік берілген мән-жайлар:
Теңізде жүзу қауіпсіздігі және ерекше жағдай туралы куәлік беру
кезеңінде кемені қауіпсіз пайдалану мынадай шаралармен қамтамасыз
етіледі:
Осы Куәлік 10 жұмыс күннен аспайтын мерзімге берілді және осы
Куәлік қоса берілген Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәліктің
жарамды болуы шартымен 20 ___ жылғы «__» ________ дейін жарамды болады.
____________________________ теңіз портының капитаны берді
Қолы _________________ Мөрі
Беру күні 20 ___ жылғы «___» ___________

Қолданыстағы