О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 131 «Об утверждении Правил предоставления информации из правового кадастра»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 131 «Об утверждении Правил предоставления информации из правового кадастра»
- Атауы (қаз.)
- «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 246
- Қабылданған күні
- 02.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2021 154285_515781.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022492
- ЭКБ идентификаторы
- 154285
- Редакция идентификаторы
- 154285_515781
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:49
0 «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген, Егемен Қазақстан газетінде 2012 жылы 12 мамырда № 136-137 жарияланған) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларында:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген ақпарат Заңның 17-бабының 2, 3, 3-2, және 3-3 тармақтарына сәйкес беріледі.»;
22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«22. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелерін беру» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген тізбе бойынша сұрау салады және құжаттардың толық топтамасын Мемлекеттік корпорацияға немесе Порталға береді.».
2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі