О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 131 «Об утверждении Правил предоставления информации из правового кадастра»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 131 «Об утверждении Правил предоставления информации из правового кадастра»
- Атауы (қаз.)
- «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1010
- Қабылданған күні
- 25.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2021 161204_548925.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100025577
- ЭКБ идентификаторы
- 161204
- Редакция идентификаторы
- 161204_548925
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:37
0 «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат беру қағидаларында:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат төмендегі анықтамаларды беру түрінде жүзеге асырылады:
1 1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат.
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада жылжымайтын мүліктің нақты объектісіне бар құқықтар (ауыртпалықтар) көрсетіледі;
2 2) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат.
Жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамада жеке немесе заңды тұлғаға тіркелген барлық жылжымайтын мүлік объектілері туралы мәліметтер (оның ішінде иеліктен айырылған) көрсетіледі;
3 3) осы Ереженің 3-1-қосымшасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтық ауыртпалықтар, заңдық талаптар туралы мәліметтер.
Жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтық ауыртпалықтар, заңдық талаптар туралы мәліметтерде жеке немесе заңды тұлғаларға құқықтары тіркелген жылжымайтын мүлік объектісінің барлық ауыртпалықтар және заңдық талаптары туралы мәліметтер көрсетіледі;
4 4) жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелері.».
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
1 Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 25 қарашадағы
№ 1010
бұйрығына қосымша
Құқықтық кадастрдан
алынған ақпаратты беру
қағидасына 3-1- қосымша
Нысан
____________________________________________________________________________________
(«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы)
Жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген ауыртпалықтар, заңдық талаптар туралы мәліметтер
___ жылғы «___» ______
____________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және ЖСН; заңды тұлғаның
атауы және БСН, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
жылжымайтын мүлік
объектісіне:__________________________________________________________________________
растама
мекенжайы, мекенжайдың тіркеу коды (болған жағдайда)
тіркелген______________ заңды
(құқық түрі)
тұлға________________________________________________________________________________
(атауы, БСН)
1) құқық ауыртпалығы тіркелді:
Ауыртпалық түрі
Мазмұны
Құқық иесі немесе уәкілетті орган (мүдделі тұлға)
Ортақ меншік нысаны, үлесі
Ауыртпалықтың туындау негізі
Тіркелген күні, уақыты
2) жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе ауыртпалықтардың туындауына әкеп соқпайтын заңдық талаптар мен мәмілелер тіркелді:
Заңдық талаптар және мәмілелер
Мазмұны
Өтініш беруші (мүдделі тұлға)
Пайда болу негізі тіркеу күні, уақыты
Тоқтату негізі тіркеу күні, уақыты
Орындаушы: ______________ __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім бастығы: ____________ __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Басшысы: ______________ _____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны (болған жағдайда) ___________________________________________
Ескертпе: Ақпараттар берген сәтінде жарамды болып табылады.