Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 131 "Об утверждении Правил предоставления информации из правового кадастра"

Бұйрық · № 29 · қабылданған 22.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2012-no-131-ekb-98691/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 131 "Об утверждении Правил предоставления информации из правового кадастра" Қолданыста Бұйрық ·№ 29 ·22.01.2016
22.01.2016 редакциясы
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 131 "Об утверждении Правил предоставления информации из правового кадастра"

Қолданыста Бұйрық ·№ 29 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 131 "Об утверждении Правил предоставления информации из правового кадастра"
Атауы (қаз.)
"Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
29
Қабылданған күні
22.01.2016
Көрсетілген редакция
22.01.2016 98691_67162.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013003
ЭКБ идентификаторы
98691
Редакция идентификаторы
98691_67162
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:56

0 «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну

ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 131 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы № 231-235 (27309) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

1 «1. Осы бұйрықтың 1 - қосымшасына сәйкес Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидалары бекітілсін.»;

осы бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидалары»;
1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1

«1. Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке қазіргі бар және тоқтатылған құқықтар және тіркеудің өзге де объектілері, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, құқық иеленуші туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) ұсыну тәртібін айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

1-1 «1-1. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар саны туралы мәліметтер Әділет министрлігінің интернет-ресурсында тоқсан сайын жариялауға жатады.».

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қолдансын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
____________Ә. Исекешев
2016 жылғы_____қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
____________Ж. Қасымбек
2016 жылғы 27 қаңтар

Қолданыстағы