Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 174 "Об утверждении Правил представления банками второго уровня, Акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, отчетности по займам и условным обязательствам"

Қаулы · № 318 · қабылданған 29.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2012-no-174-ekb-70279/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 174 "Об утверждении Правил представления банками второго уровня, Акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, отчетности по займам и условным обязательствам" Күшін жойған Қаулы ·№ 318 ·29.10.2012
28.12.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 174 "Об утверждении Правил представления банками второго уровня, Акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, отчетности по займам и условным обязательствам"

Күшін жойған Қаулы ·№ 318 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 174 "Об утверждении Правил представления банками второго уровня, Акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, отчетности по займам и условным обязательствам"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
318
Қабылданған күні
29.10.2012
Көрсетілген редакция
28.12.2018 70279_388474.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008221
ЭКБ идентификаторы
70279
Редакция идентификаторы
70279_388474
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:03

0

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7739 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 25 тамызда № 551-556 (27629) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органының банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің ипотекалық ұйымдары және еншілес ұйымдары;
2) басшы – құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға;
3) «Кредиттік тіркелім» ААШЖ – «Кредиттік тіркелім» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе;
4) кредиттік тіркелім – жоғарыда көрсетілген ұйымдардың кредиттік қызметіне байланысты тәуекелдердің мониторингі мақсатында, сондай-ақ ақша-кредиттік статистиканы және сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыру мақсатында қалыптастырылатын, банк, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қағидалардың талаптарына сәйкес уәкілетті органға ұсынған ақпаратты қамтитын электрондық деректер базасы;
5) қарыз алушы – қарыз (кредит) алу шартына қол қоятын, қарызды (кредитті) алған және өзіне алған ақшаны қайтаруға және алған қарызды (кредитті), оның ішінде сыйақыны және кредит бойынша басқа да төлемдерді толық өтеуге міндеттеме қабылдайтын тұлға;
6) принципал – кепілдік немесе кепілгерлік шартына сәйкес міндеттемеде негізгі борышкер болып табылатын тұлға;
7) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
8) шартты міндеттеме – болашақта белгісіз бір немесе бірнеше оқиға басталған (басталмаған) кезде ғана танылуы мүмкін, банк, Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиент үшін үшінші тұлғалардың пайдасына қабылдайтын, және клиенттің шарт талаптарынан туындайтын тәуекелдерін көтеретін міндеттеме.
Кредиттік тарих субъектісі болып осы тармақтың 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар танылады.
2. 2013 жылғы 1 наурыздан бастап есептілік уәкілетті органға электрондық форматта, мынадай кезеңділікпен:
1) банктер, ипотекалық ұйымдар, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы – ай сайын мынадай мерзімдерде:
филиалдары жоқ банктер, ипотекалық ұйымдар, есепті айдан кейінгі екінші айдың он бесінші күнінен кешіктірмей;
бірден бастап онға дейін филиалы бар банктер есепті айдан кейінгі екінші айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей;
оннан бастап жиырмаға дейін филиалы бар банктер есепті айдан кейінгі екінші айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей;
жиырма филиалдардан астам банктер, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы есепті айдан кейінгі екінші айдың отызыншы күнінен кешіктірмей;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органының банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары – тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың он бесінші күнінен кешіктірмей беріледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілік уәкілетті органға электрондық түрде Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.»;
2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы 2012 жылғы 10 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

3

3. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы осы қаулының 1-тармағының он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, 2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша барлық берілген және өтелмеген (оның ішінде баланстан есептен шығарылған) қарыздар, шартты міндеттемелер бойынша мәліметтер енгізуді 2013 жылғы 15 сәуірден кешіктірмей жүзеге асыруды бастасын.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төраға Ә.А. Смайылов
__________________
2012 жылғы 28 қараша

0 «Кредиттік тіркелім» ААШЖ көрсеткіштерінің тізбесі

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасы
2012 жылғы 29 қазандағы
№ 318 қаулысының
қосымшасы
«Екінші деңгейдегі банктердің,
«Қазақстанның Даму Банкі»
акционерлік қоғамының және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар
мен шартты міндеттемелер бойынша
есептілікті беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«Кредиттік тіркелім» ААШЖ көрсеткіштерінің тізбесі

Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы
1
Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­та кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі ту­ра­лы сәй­кестен­ді­ру мә­лі­мет­те­рі қам­ты­л­ған:
1.1.
Заң­ды тұ­лға­лар және да­ра кә­сіп­кер­лер бой­ын­ша:
1.1.1.
Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің тү­рі (рө­лі);
1.1.2.
Заң­ды тұл­ға­ның және (неме­се) да­ра кә­сіп­кер­дің то­лық ата­уы:
1.1.3.
Ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-құқық­тық ны­са­ны;
1.1.4.
Субъ­ек­ті­нің құ­жат­та­ры:
1.​1.​4.​1.
сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры­ның тү­рі;
1.​1.​4.​2.
құ­жат­тың нө­мі­рі;
1.1.5.
поч­та­лық ме­кен­жайы және (неме­се) ор­на­ла­су ор­ны:
1.​1.​5.​1.
ме­кен­жай­ы­ның (тір­ке­лу­і­нің (нақ­ты)) ти­пі;
1.​1.​5.​2.
об­лы­сы;
1.​1.​5.​3.
ме­кен­жайы (қа­ла (ел­ді же­рі), кө­ше (ық­шам ауда­ны), үй­дің (пәтер­дің) нө­мі­рі;
1.​1.​5.​4.
бай­ла­ныс тү­рі;
1.​1.​5.​5.
те­ле­фон нө­мі­рі;
1.1.6.
Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің елі;
1.1.7.
Офф­шор­лық ай­мақ;
1.1.8.
Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет тү­рі;
1.1.9.
Банк­пен, банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­мен ерекше қа­ты­на­спен бай­ла­ны­ста бо­луы­ның бел­гі­сі;
1.1.10.
Заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы:
1.​1.​10.​1.
те­гі, аты (бар бол­са әке­сі­нің аты);
1.​1.​10.​2.
сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры­ның тү­рі;
1.​1.​10.​3.
құ­жат­тың нө­мі­рі;
1.1.11.
Же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі­нің ко­ды;
1.2.
Же­ке тұ­лға­лар бой­ын­ша:
1.2.1.
Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің тү­рі (рө­лі);
1.2.2.
Те­гі, аты (бар бол­са әке­сі­нің аты);
1.2.3.
Субъ­ек­ті­нің құ­жат­та­ры:
1.​2.​3.​1.
сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры­ның тү­рі;
1.​2.​3.​2.
құ­жат­тың нө­мі­рі;
1.2.4.
поч­та­лық ме­кен­жайы және (неме­се) ор­на­ла­су ор­ны:
1.​2.​4.​1.
ме­кен­жай (тір­кеу (нақ­ты)) ти­пі;
1.​2.​4.​2.
об­лы­сы;
1.​2.​4.​3.
ме­кен­жайы (қа­ла­сы (ел­ді же­рі), кө­ше­сі (ық­шам ауда­ны), үй­дің (пәтер­дің) нө­мі­рі;
1.​2.​4.​4.
бай­ла­ныс тү­рі;
1.​2.​4.​5.
те­ле­фон нө­мі­рі;
1.2.5.
Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі­нің елі;
1.2.6.
Офф­шор­лық аумақ;
1.2.7.
Банк­пен, банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­мен ерекше қа­ты­на­спен бай­ла­ны­ста бо­луы­ның бел­гі­сі;
2
Шарт ту­ра­лы ақ­па­рат:
2.1.
Кре­дит­тік та­рих субъ­ек­ті­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер және кре­ди­тор­мен ке­лі­сім­ді қа­ты­на­стар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер:
2.1.1.
Қары­здың, шар­тты мін­дет­те­ме­лер­дің тү­рі;
2.1.2.
Шар­ттың нө­мі­рі;
2.1.3.
Шар­ттың кү­ні;
2.1.4.
Қо­сым­ша ке­лі­сім­нің нө­мі­рі;
2.1.5.
Қо­сым­ша ке­лі­сім­нің кү­ні;
2.1.6.
Бе­ру­дің нақ­ты кү­ні;
2.1.7.
Шарт та­лап­та­ры бой­ын­ша өтеу кү­ні;
2.1.8.
Шарт бой­ын­ша ва­лю­та тү­рі;
2.1.9.
Шарт ва­лю­та­сын­да­ғы қарыз (шар­тты мін­дет­те­ме) со­ма­сы;
2.1.10.
Шарт бой­ын­ша жыл­дық сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі (пай­ы­з­бен):
2.​1.​10.​1.
өзгер­ме­лі мөл­шер­ле­ме­нің бел­гі­лен­ген мөл­шер­ле­ме­сі (бел­гі­лен­ген спр­э­ды);
2.1.11.
Кре­дит­теу мақ­са­ты;
2.1.12.
Кре­дит­теу объ­ек­ті­сі;
2.1.13.
Қары­зды бер­ген банк­тің, «Қа­зақ­стан­ның Да­му Бан­кі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның, банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­ның қар­жы­лан­ды­ру кө­зі;
2.1.14.
Қарыз алушы­да ва­лю­та­лық тү­сім­нің бо­луы және (неме­се) қарыз алушы­да хеджир­леу құ­рал­да­ры бо­луы;
2.1.15.
Қары­зды, шар­тты мін­дет­те­ме­ні бер­ген банк фи­ли­а­лы­ның ко­ды/ банк­тің БСК;
2.1.16.
Қам­та­ма­сыз етуі:
2.​1.​16.​1.
ке­піл шар­ты­ның нө­мі­рі;
2.​1.​16.​2.
қам­та­ма­сыз ету тү­рі;
2.​1.​16.​3.
ке­піл со­ма­сы;
2.1.17.
Бі­рың­ғай порт­фель­дің ата­уы:
2.​1.​17.​1.
уәкі­лет­ті ор­ган­ның та­ла­бы бой­ын­ша;
2.​1.​17.​2.
ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша;
3.
Қары­зды (шар­тты мін­дет­те­ме­лер­ді) қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі ақ­па­рат:
3.1.
Есеп­ті ке­зең­де­гі қарыз алушы­ның ағым­да­ғы мін­дет­те­ме­ле­рі мен ақ­ша қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы ақ­па­рат:
3.1.1.
Есеп­ті ке­зең­де есеп­тел­ді:
3.​1.​1.​1.
сый­а­қы­лар (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сын­да);
3.1.2.
Есеп­ті ке­зең­де бе­ріл­ді (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сын­да);
3.1.3.
Негіз­гі бо­ры­штың қал­ды­ғы (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сын­да):
3.​1.​3.​1.
мер­зі­мі өт­пе­ген бе­ре­шек;
3.​1.​3.​2.
мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек;
3.​1.​3.​3.
ба­лан­стан шы­ға­ры­л­ған бе­ре­шек;
3.1.4.
Есеп­тел­ген сый­а­қы­ның қал­ды­ғы (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сын­да):
3.​1.​4.​1.
өтел­ме­ген;
3.​1.​4.​2.
мер­зі­мін өт­кен;
3.​1.​4.​3.
ба­лан­стан шы­ға­ры­л­ған;
3.1.5.
Кре­дит­тік кар­та, овер­драфт ли­ми­ті­нің қал­ды­ғы (шар­ттың тең­ге­де, ва­лю­та­да)
3.1.6.
Кре­дит­тік кар­та/овер­драфт ли­ми­ті­нің қал­ды­ғы бой­ын­ша ба­лан­стық шо­ты­ның нө­мі­рі
3.1.7.
Негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша ба­лан­стық шот­тың нө­мі­рі:
3.​1.​7.​1.
мер­зі­мі өт­пе­ген бе­ре­шек;
3.​1.​7.​2.
мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек;
3.​1.​7.​3.
ба­лан­стан шы­ға­ры­л­ған бе­ре­шек;
3.1.8.
Сый­а­қы бой­ын­ша ба­лан­стық шот­тың нө­мі­рі:
3.​1.​8.​1.
мер­зі­мі өт­пе­ген бе­ре­шек;
3.​1.​8.​2.
мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек;
3.1.9.
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры мен уәкі­лет­ті ор­ган­ның бі­рың­ғай емес кре­дит­тер бой­ын­ша та­лап­та­ры бой­ын­ша қа­лып­та­сты­ры­л­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар) бой­ын­ша ай­ыр­ма­сы көр­се­ті­л­ген ба­лан­стық шот­тың нө­мі­рі;
3.1.10.
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның бі­рың­ғай емес кре­дит­тер бой­ын­ша та­лап­та­ры­мен қа­лып­та­сты­ры­л­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар) бой­ын­ша ба­лан­стық шот­тың нө­мі­рі;
3.1.11.
Оң (те­ріс) тү­зе­ту бой­ын­ша ба­лан­стық шот­тың нө­мі­рі;
3.1.12.
Дис­конт (сый­а­қы) бой­ын­ша ба­лан­стық шот­тың нө­мі­рі;
3.1.13.
Мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек­ті шот­қа ен­гі­зу кү­ні:
3.​1.​13.​1.
негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша;
3.​1.​13.​2.
сый­а­қы бой­ын­ша;
3.1.14.
Мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек­ті өтеу кү­ні:
3.​1.​14.​1.
негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша;
3.​1.​14.​2.
сый­а­қы бой­ын­ша;
3.1.15.
Ба­лан­стан шы­ға­ру кү­ні:
3.​1.​15.​1.
негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша;
3.​1.​15.​2.
сый­а­қы бой­ын­ша;
3.1.16.
Нақ­ты өтеу кү­ні;
3.1.17.
Қары­здың (шар­тты мін­дет­те­ме­лер­дің) мер­зі­мін ұзар­ту­ды аяқ­тау кү­ні;
3.1.18.
Жік­теу са­на­ты;
3.1.19.
Бі­рың­ғай кре­дит­тер бой­ын­ша ре­зерв­тер­дің (про­ви­зи­я­лар­дың) нақ­ты қа­лып­та­сты­ры­л­ған со­ма­сы:
3.​1.​19.​1.
уәкі­лет­ті ор­ган­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша;
3.​1.​19.​2.
ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша;
3.1.20.
Ке­ле­шек­те­гі ақ­ша ағы­ны дис­кон­ты­ның құ­ны/бі­рың­ғай кре­дит­тер бой­ын­ша алы­ну­ға кү­ті­ле­тін құ­ны;
3.1.21.
Оң (те­ріс) тү­зе­ту (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сын­да);
3.1.32.
Дис­конт (сый­а­қы) (тең­ге­мен, шарт ва­лю­та­сын­да);
3.1.23.
Есеп­тік кү­ні;
3.2.
Порт­фель­дік негіз­де ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша қа­лып­та­сты­ры­л­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар) ту­ра­лы ақ­па­рат:
3.2.1.
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша бі­рің­ғай порт­фель­дің ата­уы;
3.2.2.
Порт­фель­дік негіз­де қа­лып­та­сты­ры­л­ған ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша ре­зерв­тер­дің (про­ви­зи­я­лар­дың) нақ­ты қа­лып­та­сты­ры­л­ған со­ма­сы;
3.2.3.
Порт­фель­дік негіз­де ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша қа­лып­та­сты­ры­л­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар) бой­ын­ша ба­лан­стық шот­тың нө­мі­рі;
3.2.4.
Порт­фель­дік негіз­де алу­ға кү­ті­ле­тін құ­ны/ке­ле­шек­те­гі ақ­ша ағы­ны­ның дис­конт­ты құ­ны;
3.3.
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бі­рың­ғай кре­дит­тер жө­нін­де­гі та­лап­та­ры бой­ын­ша қа­лып­та­сты­ры­л­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар) ту­ра­лы ақ­па­рат:
3.3.1.
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның та­лап­та­ры бой­ын­ша бі­рың­ғай порт­фель­дің ата­уы;
3.3.2.
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бі­рың­ғай кре­дит­тер жө­нін­де­гі та­лап­та­ры бой­ын­ша ре­зерв­тер­дің (про­ви­зи­я­лар­дың) нақ­ты қа­лып­та­сты­ры­л­ған со­ма­сы;
3.3.3.
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­ры мен уәкі­лет­ті ор­ган­ның бі­рың­ғай кре­дит­тер жө­нін­де­гі та­лап­та­ры бой­ын­ша қа­лып­та­сты­ры­л­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар) бой­ын­ша ай­ыр­ма­сы көр­се­ті­л­ген ба­лан­стық шот­тың нө­мі­рі;
Ескерту:

1 1. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы реттік нөмірлері 2.1.17.1., 3.1.9., 3.1.18., 3.1.19.1., 3.3. - жолдарды, «Кредиттік тіркелім» ААШЖ көрсеткіштері тізбесінің нысандарын толтырмайды.».

Қолданыстағы