Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 174 «Об утверждении Правил представления банками второго уровня, Акционерным обществом «Банк Развития Казахстана» и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, отчетности по займам и условным обязательствам»

Қаулы · № 66 · қабылданған 24.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2012-no-174/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 174 «Об утверждении Правил представления банками второго уровня, Акционерным обществом «Банк Развития Казахстана» и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, отчетности по займам и условным обязательствам» Күшін жойған Қаулы ·№ 66 ·24.04.2015
28.12.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 174 «Об утверждении Правил представления банками второго уровня, Акционерным обществом «Банк Развития Казахстана» и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, отчетности по займам и условным обязательствам»

Күшін жойған Қаулы ·№ 66 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 174 «Об утверждении Правил представления банками второго уровня, Акционерным обществом «Банк Развития Казахстана» и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, отчетности по займам и условным обязательствам»
Атауы (қаз.)
«Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
66
Қабылданған күні
24.04.2015
Көрсетілген редакция
28.12.2018 90891_388472.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011335
ЭКБ идентификаторы
90891
Редакция идентификаторы
90891_388472
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:20

0 «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7739 тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 551-556 (27629) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есептілік уәкілетті органға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде мынадай кезеңділікпен:
1) банктер, ипотекалық ұйымдар, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы – ай сайын;
2) уәкілетті органның банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары – тоқсан сайын ұсынылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген, есептілігі есепті кезеңнің соңында қолданылатын не есепті кезеңде қолданылған бес жүз мыңнан аспайтын қарыз беру шарттарын және шартты міндеттемелерін қамтитын ұйымдар есептілікті мынадай мерзімдерде:
есепті кезеңнің соңында филиалдары жоқ не бестен аспайтын филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасына дейін (қоса алғанда);
есепті кезеңнің соңында алты (қоса алғанда) – он (қоса алғанда) аралығында филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда);
есепті кезеңнің соңында он бір (қоса алғанда) – жиырма (қоса алғанда) аралығында филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі айдың отызына дейін (қоса алғанда);
есепті кезеңнің соңында жиырмадан астам филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың бесіне дейін (қоса алғанда);
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар не «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы – есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда) ұсынады.
Ұсынылатын есептілігі есепті кезеңнің соңында қолданылатын не есепті кезеңде қолданылған бес жүз мыңнан астам қарыз беру шарттарын және шартты міндеттемелерін қамтитын ұйымдар есептілікті есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың бесіне дейін (қоса алғанда) ұсынады.»;
4-тармақ алынып тасталсын;
4-1-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбеталиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы, осы қаулының 1-тармағының 2015 жылғы 1 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын он алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы