Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 28 сентября 2012 года № 350 «Об утверждении Правил электронного учета данных о поверяемых средствах измерений и их передачи в государственный научный метрологический центр»

Бұйрық · № 124-НҚ · қабылданған 26.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2012-no-350/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 28 сентября 2012 года № 350 «Об утверждении Правил электронного учета данных о поверяемых средствах измерений и их передачи в государственный научный метрологический центр» Қолданыста Бұйрық ·№ 124-НҚ ·26.05.2020
26.05.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 28 сентября 2012 года № 350 «Об утверждении Правил электронного учета данных о поверяемых средствах измерений и их передачи в государственный научный метрологический центр»

Қолданыста Бұйрық ·№ 124-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 28 сентября 2012 года № 350 «Об утверждении Правил электронного учета данных о поверяемых средствах измерений и их передачи в государственный научный метрологический центр»
Атауы (қаз.)
«Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары − Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
124-НҚ
Қабылданған күні
26.05.2020
Көрсетілген редакция
26.05.2020 143275_464163.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020745
ЭКБ идентификаторы
143275
Редакция идентификаторы
143275_464163
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:20

0 «Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары − Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің

2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары − Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8057 тіркелген, 2012 жылғы 20 желтоқсан № 440-441 (27259-27260) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидалар

Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 26 мамыры
№ 124-НҚ
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары – Қазақстан
Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің 2012 жылғы
28 қыркүйектегі № 350 бұйрығымен
бекітілген
Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидалар

1

1. Осы Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидалары «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді электрондық есепке алу және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа (бұдан әрі – МҒМО) беру тәртібін айқындайды.

2 2. Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есепке алынуы өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар (бұдан әрі – Салыстырып тексеру зертханалары) ұсынатын деректерді тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

3 3. Салыстырып тексеру зертханалары МҒМО ақпараттық жүйесінің жеке кабинеті арқылы өлшем құралдарына жүргізілген салыстырып тексеру нәтижелері бойынша салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді береді.

4 4. Салыстырып тексеру зертханалары МҒМО-ға салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы мынадай мәліметтерді қамтитын деректерді береді:

1 1) салыстырып тексеру туралы сертификаттың (жарамсыздығы туралы хабарламаның) нөмірі және (немесе) өзі жабысатын лейблдің нөмірлік коды;

2 2) өлшем құралының (эталонның) атауы;

3 3) түрі, белгісі;

4 4) зауыттық нөмірі (деректер болған жағдайда);

5 5) өлшем құралының өлшеу ауқымы;

6 6) дайындаушы (деректер болған жағдайда);

7 7) дайындалған күні (деректер болған жағдайда);

8 8) пайдаланушы (деректер болған жағдайда);

9 9) салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжаттың атауы мен белгіленуі;

10 10) салыстырып тексеру кезінде пайдаланылатын қосымша жабдықтар мен эталонның белгіленуі;

11 11) класс немесе басқа да дәлдік сипаттамалары;

12 12) разряд;

13 13) салыстырып тексеру күні;

14 14) өзі жабысатын лейблдердің немесе сертификаттың жарамдылық мерзімі;

15 15) бөлім (зертхана) басшысының тегі, аты, әкесінің аты;

16 16) салыстырып тексерушінің тегі, аты, әкесінің аты;

17 17) қадағалау коды;

18 18) лейблдер, пломбалар бойынша мәліметтер.

5 5. Салыстырып тексеру зертханалары ұсынатын деректер автоматты режимде МҒМО ақпараттық жүйесінде келіп түскен күннен бастап есепке алынады.

Қолданыстағы