О внесении изменений в решение Шымкентского городского маслихата от 28 марта 2012 года № 4/33-5с "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Шымкент"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шымкентского городского маслихата от 28 марта 2012 года № 4/33-5с "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Шымкент"
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы № 4/33-5c "Шымкент қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33/217-5c
- Қабылданған күні
- 20.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2017 79124_182411.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14UA002613
- ЭКБ идентификаторы
- 79124
- Редакция идентификаторы
- 79124_182411
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:24
0 Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы № 4/33-5c "Шымкент қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңынын 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шымкент қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 28 наурыздағы № 4/33-5c «Шымкент қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-1-160 тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Шымкент қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
5 тармағының 3) тармақшасына келесі редакцияда жазылсын:
«3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы;»;
7 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«7. Уәкiлеттi орган тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде, тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.»