О внесении дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 февраля 2012 года № 99 "Об утверждении Правил организации государственной регистрации актов гражданского состояния, внесения изменений, восстановления, аннулирования записей гражданского состояния"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 февраля 2012 года № 99 "Об утверждении Правил организации государственной регистрации актов гражданского состояния, внесения изменений, восстановления, аннулирования записей гражданского состояния"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 99 "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Әділет министрінің бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 405
- Қабылданған күні
- 28.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2015 AI77271_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300009040
- ЭКБ идентификаторы
- 77271
- Редакция идентификаторы
- AI77271_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:14
0 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 99 "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Әділет министрінің бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық) туралы» Кодексінің 180-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 99 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Әділет министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылы 9 сәуірде № 7533 тіркелді, «Казахстанская правда» республикалық газетінде 2012 жылдың 30 маусымында № 207-208 (27026-27027) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесі:
мынадай мазмұндағы 121-1-тармақпен толықтырылсын:
«121-1. Тарихи отанына қайта оралған адамдарға қатысты туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру жеткілікті негіздер болған кезде және осы фактіні құжаттық растау (акт жазбасының болмауы (жоғалғаны) туралы анықтама немесе хабарлама) мүмкін болған кезде немесе ішкі істер органдарының осы адамдардың Қазақстан Республикасына заңды түрде келгені туралы растамасы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы өтініші болған кезде ғана жүргізіледі.
Тарихи отанына қайта оралған Қазақстан Республикасы азаматтарының ата-аналары, сондай-ақ отбасы мүшелері туралы растайтын ақпаратты тіркеу органдарының сұрау салуы бойынша ішкі істер органдары береді.».
2 2. Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен аталған бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ.Н. Қасымов
2013 жыл 12 желтоқсан