О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 28 марта 2013 года № 12/106-V "Об утверждении правил создания, содержания и защиты не входящих в лесной фонд Республики Казахстан озеленительных насаждений в пределах границ населенных пунктов Южно-Казахстанской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 28 марта 2013 года № 12/106-V "Об утверждении правил создания, содержания и защиты не входящих в лесной фонд Республики Казахстан озеленительных насаждений в пределах границ населенных пунктов Южно-Казахстанской области"
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 12/106-V "Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14/136-V
- Қабылданған күні
- 26.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2019 73659_423761.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13U0002345
- ЭКБ идентификаторы
- 73659
- Редакция идентификаторы
- 73659_423761
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:53
0 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 12/106-V "Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің шекаралары шегінде
Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 12/106-V «Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2284 - нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 15 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген «Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп - ұстау және қорғау Қағидасында»:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде, құрылыс салу жобаларында жасыл желектерді құру немесе қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыруды қарастыру қажет»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Қажетті күтіп-ұстаудың жоқтығына, механикалық зақымдалуына, көшеттердің баяу өсуіне байланысты, отырғызылған жерде көшеттердің жоқтығы (ұрланған), жасыл желектердің жойылғандығы анықталған жағдайда, оларды қалпына келтіру жасыл желектердің иелері есебінен жүргізіледі».