Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 28 февраля 2013 года № 13/120 «О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах»

Өзге акт · № 41/479 · қабылданған 18.03.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2013-no-13120/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 28 февраля 2013 года № 13/120 «О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах» Күшін жойған Өзге акт ·№ 41/479 ·18.03.2020
16.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 28 февраля 2013 года № 13/120 «О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 41/479 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 28 февраля 2013 года № 13/120 «О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах»
Атауы (қаз.)
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 13/120 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
41/479
Қабылданған күні
18.03.2020
Көрсетілген редакция
16.04.2021 140831_519713.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20MB004162
ЭКБ идентификаторы
140831
Редакция идентификаторы
140831_519713
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:36

0 Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 13/120

«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік
денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,
спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1

1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 13/120 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2236, «Жаңаөзен» газетінде 2013 жылы 17 сәуірде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы»;
1 тармақ келесі мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға 12100 (он екі мың бір жүз) тенге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы М. Сарыев).

3 3. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Ермуханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы