О внесении изменений в решение Бокейординского районного маслихата от 28 декабря 2013 года № 14-9 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бокейординского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бокейординского районного маслихата от 28 декабря 2013 года № 14-9 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бокейординского района»
- Атауы (қаз.)
- Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-9 «Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17-3
- Қабылданған күні
- 11.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2020 123982_448916.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZD005311
- ЭКБ идентификаторы
- 123982
- Редакция идентификаторы
- 123982_448916
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:45
0 Бөкей ордасы аудандық мәслихатының
2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-9
«Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-9 «Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3413 тіркелген, 2014 жылғы 15 наурыздағы «Орда жұлдызы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
8 – тармақта 4) тармақша алынып тасталсын;
Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасының 3-қосымшасындағы бірінші баған мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары – 300 000 теңге».
2 2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛIСIЛГEH"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
_________________Б.Қонысбаева
2018 жылғы 18 шілде
Ескерту: аббревиатураның шешуі:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.