О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 28 августа 2013 года № 17/113 «О предоставлении социальной помощи на возмещение расходов на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 28 августа 2013 года № 17/113 «О предоставлении социальной помощи на возмещение расходов на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах»
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 17/113 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27/228
- Қабылданған күні
- 23.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 02.12.2020 126448_497067.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18MC003721
- ЭКБ идентификаторы
- 126448
- Редакция идентификаторы
- 126448_497067
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:30
0
Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 17/113 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шiлдедегi «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы №17/113 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2298 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 қазандағы №40 «Рауан» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесідей редакцияда жазылсын:
«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы»;
1 тармағы келесідей редакцияда жазылсын:
«1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жылына бір рет 12100 (он екі мың бір жүз) теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комиссиясына (Р.Тайшыбаев) жүктелсін.
3
3. «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.