Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 28 ноября 2013 года № 22/9 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Леденевского сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области»

Ереже · № 20/15 · қабылданған 28.03.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2013-no-229/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 28 ноября 2013 года № 22/9 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Леденевского сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған Ереже ·№ 20/15 ·28.03.2022
19.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 28 ноября 2013 года № 22/9 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Леденевского сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области»

Күшін жойған Ереже ·№ 20/15 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 28 ноября 2013 года № 22/9 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Леденевского сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 22/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20/15
Қабылданған күні
28.03.2022
Көрсетілген редакция
19.09.2023 166244_657078.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22SJ02015M
ЭКБ идентификаторы
166244
Редакция идентификаторы
166244_657078
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:54

0 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының
2013 жылғы 28 қарашадағы № 22/9
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 22/9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2473 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»;
жоғарғыда көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
2022 жылғы 28 наурыздағы № 20/15
шешіміне 1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
2013 жылғы 28 қарашадағы
№ 22/9 шешімімен
бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдарға) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінің ауылдары шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінің тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінің осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округі ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

2 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
2022 жылғы 28 наурыздағы № 20/15 шешіміне
2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
2013 жылғы 28 қарашадағы
№ 22/9 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінің Леденево ауылының тұрғындарына
3
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінің Новоандреевка ауылының тұрғындарына
2

Қолданыстағы